Әлем • 08 Желтоқсан, 2023

Данияда Құранды өртегендер сотталады

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жергілікті парламент діни мәтіндерді дұрыс пайдаланбағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастыратын заң жобасын қабылдады. Енді Құранды өртегендер екі жылға бас бостандығынан айырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Данияда Құранды өртегендер сотталады

Швеция мен Данияда бірнеше рет қасиетті Құранды қорлау және өртеу әрекеттері болған еді. Жергілікті билік бұл өрескел әрекетке тоқтам салу үшін тиісті шара қабылдайтын болды.

Ислам ынтымақтастығы ұйымы қатысушы елдерді Құранды қорлаған мемлекеттерге қарсы шара қолдануға шақырды. Шексіз сөз бостандығы қағидасы мемлекеттік мүддеге және мұсылмандардың құқықтарын қорғауға қайшы келді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та бұл мәселеге байланысты пікір білдірген еді.

«Солтүстік Еуропа елдерінде Құранды өртеу әрекеттерін қазіргі әлемдегі шиеленісті күшейтуге және халықтар мен мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіруге бағытталған арандатушылық деуге болады. Бұған жол беруге болмайды», деген еді Мемлекет басшысы.