Руханият • 11 Желтоқсан, 2019
Биыл Алаштың ардақтысы, көрнекті қайраткер Тұрар Рысқұловтың туғанына 125 жыл. Қараорман қазаққа ортақ тұлғаның Әулиеата өңірінде де ізінің қалғаны тарихтан белгілі.
Руханият • 11 Желтоқсан, 2019
Қазақ зиялыларының қалыптасуындағы Орынбор қаласының рөлі ерекше. Революцияға дейінгі уақыт аралығында провинциялық орталықтардағы оқу орындарының қызметіне көп көңіл бөлінгені белгілі. Өткенге үңілетін болсақ, Орынборда қазақ қоғамының көрнекті мемлекет қайраткерлері, ғалымдары, ақындары мен жазушыларының көбі білім алды. Жалпы, Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдығында Орынборда қазақстандық ұлттық кадрларды даярлау тәжірибесі ерекше қарқынмен дамыды.
Қоғам • 11 Желтоқсан, 2019
Зорлық-зомбылыққа қатысты заңдар күшейеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет» деген болатын.
Президент • 11 Желтоқсан, 2019
Егемен елдің жастары баянды болашақтың байрағын көтеріп, жарқын келешектің желкенін керіп келеді. «Мен жастарға сенемiн!» деп үкілі үміт, салқар сенім артқан Мағжанның жауһар жырына арқау болған ел ертеңі жастар мемлекет астанасында бас қосты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен жиында жалынды жастар Жастар жылындағы жетістіктерімен бөлісті.
Президент • 10 Желтоқсан, 2019
Елбасы стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегерлері белгілі болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.