Президент • 10 Желтоқсан, 2019

Елбасы стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

939 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының иегерлері белгілі болды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.



Елбасы стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды

2019 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясы берілген адамдардың дербес құрамы:

Әдебиет қайраткерлері

Айтхожа Марфуға - 1936 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Ахметова Күләш - 1946 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Әбдікұлы Төлен - 1942 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Әшімов Әкім (Әкім Тарази) - 1933 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Әшіров Ахмет - 1938 жылы туған, жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Бақтыгереева Ақұштап - 1944 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Бимағамбет Әнуарбек - 1980 жылы туған, ақын, Бөдешұлы Жәркен - 1944 жылы туған, ақын, «Құрмет» орденінің иегері, Гарькавец Александр - 1947 жылы туған, түркітанушы-ғалым, қоғам қайраткері, Досанов Сәбит - 1940 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері, Елеукенов Шериаздан - 1929 жылы туған, сыншы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Елубаев Смағұл - 1947 жылы туған, жазушы, кинодраматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Ерманов Жүрсін - 1951 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Жайлыбай Ғалым - 1958 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Жолдасбеков Мырзатай - 1937 жылы туған, мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Жұмаділ Қабдеш - 1936 жылы туған, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Қасымов Олжас - 1989 жылы туған, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Қыдырханұлы Уахап - 1932 жылы туған, жазушы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Мырзахметұлы Мекемтас - 1930 жылы туған, әдебиеттанушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Нұрпейісов Әбдіжәміл - 1924 жылы туған, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Омаров Қанат - 1971 жылы туған, ақын, Оразалин Нұрлан - 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Оразбаев Иранбек - 1947 жылы туған, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Оспан Сейфолла - 1938 жылы туған, ақын, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Рәш Мыңбай - 1930 жылы туған, ақын, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Құрмет» орденінің иегері, Салғараұлы Қойшығара - 1939 жылы туған, жазушы, ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Сарай Әнес - 1937 жылы туған, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Сүлейменов Олжас - 1936 жылы туған, ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты, Тұрғынбекұлы Серік - 1946 жылы туған, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері.

Өнер қайраткерлері

Адамжан Бақтияр - 1992 жылы туған, балет солисі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Айтуаров Ерлан - 1950 жылы туған, суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ахметова Шайза - 1948 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Аюханов Болат - 1938 жылы туған, хореограф-балетмейстер, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Әбелдинов Адай - 1987 жылы туған, режиссер-аниматор, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, Әшімов Асанәлі - 1937 жылы туған, КСРО халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Әшірбекова Роза - 1938 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Байбосынов Қайрат - 1950 жылы туған, дәстүрлі әнші, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Байсейітова Раушан - 1947 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Бердіғалиев Хатимолла - 1952 жыл туған, әнші-термеші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, Дүйсекеев Кеңес - 1946 жылы туған, композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Есжанов Біржан - 1990 жылы туған, дәстүрлі әнші, Еслямова Самал - 1984 жылы туған, актриса, 71-ші Канн кинофестивалінде «Ең үздік әйел рөлі» номинациясының жеңімпазы, Жаманбаев Базарғали - 1942 жылы туған, дирижер, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Зұлхаш Чапай - 1938 жылы туған, актер, режиссер, «Құрмет» орденінің иегері, Имаханов Бекен - 1936 жылы туған, актер, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Имашева Баян - 1941 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Клушкин Юрий - 1937 жылы туған, музыкант, Қазақ ССР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері, Күзембай Сара - 1937 жылы туған, музыкатанушы ғалым, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қалиламбекова Қорлан - 1944 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық артисі, «Құрмет» орденінің иегері, Қастеева Зарема - 1947 жылы туған, балерина, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Қосыбаева Тамара - 1928 жылы туған, актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мақашева Жанар - 1984 жылы туған, актриса, Манапов Медығат - 1984 жылы туған, дәстүрлі әнші, Мәлібекұлы Жандарбек - 1942 жылы туған, сәулетші, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Мұсақожаева Райса - 1954 жылы туған, скрипкашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мышбаева Нүкетай - 1936 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері, Нарбеков Мұрат - 1988 жылы туған, виоленчельші, Нүсіпжанов Нұрғали - 1937 жылы туған, әнші, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, Обаев Есмұқан - 1941 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері, Оразбаев Сәбит - 1936 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Өтекешова Меруерт - 1951 жылы туған, кино және театр актрисасы, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегері, Померанцев Юрий - 1923 жылы туған, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Разиева Гульвер - 1936 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері, Рахипова Айнұр - 1984 жылы туған, актриса, Сатыбалдиев Жарас - 1991 жылы туған, күйші, Тасыбекова Торғын - 1938 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, Тәти Айгүл - 1963 жылы туған, хореограф, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тәуекел Сламбек - 1948 жылы туған, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Терещенко Нина - 1945 жылы туған, суретші, Төлегенова Бибігүл - 1929 жылы туған, КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Тыныштығұлова Сара - 1942 жылы туған, Қазақ ССР-інің халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері, Уәлихан Шот-Аман - 1932 жылы туған, сәулетші, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, Хасанғалиев Ескендір - 1940 жылы туған, әнші-композитор, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, Шәріпов Фархат - 1983 жылы туған, режиссер, Школьный Арий - 1926 жылы туған, кескіндемеші, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері.