Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2018
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Қарағанды облысы әкімінің орынбасары лауазымына осыған дейін ҚР Предиденті Әкімшілігінде қызмет еткен 43 жасар Ермағанбет Бөлекпаев тағайындалды. Бұл қызметте ол энергетика, коммуналдық шаруашылық және төтенше жағдайлар қызметіне жетекшілік етеді.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2018
«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» фронт-офисі мен «Адалдық дүкені» ашылды
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Қазақстан теңіз университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен аталған университет жанынан «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобасы бойынша фронт-офисі және «Адалдық дүкені» ашылды.
Аймақтар • 01 Желтоқсан, 2018
ШҚО Глубокое ауданында 100 орындық балабақша ашылды
Тұңғыш Президент күні қарсаңында Глубокое ауданының Опытное поле ауылында мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында 100 орындық «Мирас» атты балабақша ашылды.
Әлем • 01 Желтоқсан, 2018
АҚШ-тың 41-президенті үлкен Джордж Буш өмірден озды
АҚШ-тың 41-інші президенті болған үлкен Джордж Буш 95 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Washington Post.
Өнер • 01 Желтоқсан, 2018
«Асан» фильмі Ташкенттен жүлдемен оралды
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Асан»фильмі Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында қарашаның 27-і мен 30-ы аралығында өткен 4-ші Халықаралық PROlogueкинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне ие болды. Режиссері – Берік Жаханов.