Әлем • 01 Желтоқсан, 2018

АҚШ-тың 41-президенті үлкен Джордж Буш өмірден озды

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың 41-інші президенті болған үлкен Джордж Буш 95 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Washington Post.

АҚШ-тың 41-президенті үлкен Джордж Буш өмірден озды

Ол 1989-1993 жылдары мемлекет басшысы болған. Оның тұсында әлемдегі айтулы оқиғалар орын алды. Атап айтқанда, Берлин қабырғасы құлап, КСРО ыдыраған.

Оның үлкен ұлы - Джордж Буш - Құрама Штаттардың 43-ші президенті, екінші ұлы - Джеб Буш - Флорида штатының губернаторы болған.

Айта кетейік, ол Паркинсон дертімен ауырған болатын.