Парламент • 10 Желтоқсан, 2019
Қазақстан мен Ресей сенаторлары өзара іс-қимылдың басым бағыттарын анықтады
Қазан қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі Халықаралық істер жөніндегі комитетінің және Қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің бірлескен отырысы болды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2019
Жамбыл кітапханасында - «Жетісудың жас қаламгерлері»
Ағымдағы жылдың желтоқсан айы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы үшін ерекше кездесулермен айшықталды. Осы орайда Алматы облысының Алматы қаласындағы мәдени күндер аясында жас ақын-жазушылармен танысып, олардың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Жетісудың жас қаламгерлері» тақырыбында кездесу кеші өтті.
Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2019
Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаев облыс орталығын сумен қамтамасыз етіп отырған «Тараз су» кәсіпорнының жұмысымен танысты.
Парламент • 10 Желтоқсан, 2019
А.Шәкіров: Ресеймен жасалған шарттар екі елдің қарым-қатынасының дамуына оң әсер етеді
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Ресей Федерациясы Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 15-ші отырысы Қазан қаласында өтті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 10 Желтоқсан, 2019
Қазақстанда өндірілген тауарларды әлемнің 120-дан астам елінде тұтынады
Осыдан 10 жыл бұрын елімізде индустриялық-инновациялық дамытудың алғашқы мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Ол алғашында әлемдік экономикадағы дағдарысқа қарсы шара ретінде басталып, еліміздің өңдеу өнеркәсібін дәйекті түрде дамытудың тиімді құралына айналды. Содан бергі 10 жыл ішінде отандық өнеркәсіп саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, индустриялық-инновациялық дамытудың бағдарламалары аясында 1250 жоба іске қосылды. 195 мыңдай жұмыс орны ашылды, оның ішінде 120 мың тұрақты, 75 мың уақытша жұмыс орны. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.