Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2019

Жамбыл кітапханасында - «Жетісудың жас қаламгерлері»

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ағымдағы жылдың желтоқсан айы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы үшін ерекше кездесулермен айшықталды. Осы орайда Алматы облысының Алматы қаласындағы мәдени күндер аясында жас ақын-жазушылармен танысып, олардың шығармашылығын насихаттау мақсатында «Жетісудың жас қаламгерлері» тақырыбында кездесу кеші өтті.

Жамбыл кітапханасында - «Жетісудың жас қаламгерлері»

Жас қаламгерлер өздерінің шығармашылығынан өлеңдер оқып, жиынға келген оқырмандарға рухани кеш сыйлады. Әдемі әңгіме, парасатты поэзия, әуезді әндер орындалып, жас әдебиетшілер кеш қатысушыларын жалықтырмады.

Кеш барысында бірнеше жас қаламгердің кітабының тұсауы кесіліп, көпшілікке жол тартты. Қазақ әдебиетінің майталмандары да кештің қадірлі қонағы болды. Жас қаламгерлер мен оқырмандарға ақыл-кеңесін айтып, батасын беріп, жарқын болашаққа жол сілтеді.

Жоғары деңгейде өткен шараға оқырмандар да ризашылық танытты. Жас қаламгерлер кітаптарын сыйға тартып, жиын қатысушыларымен естелікке суретке түсіп, тарқады.