Қазақстан • 06 Желтоқсан, 2019
Мәслихаттар депутаттарымен кездесу өтті
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрылуының 25 жылдығына арналған республикалық конференция аясында 2019 жылдың 5 желтоқсанында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде мәслихаттар депутаттарымен салалық кездесу өтті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тағайындау • 06 Желтоқсан, 2019
Жамбыл облысы әкімінің жаңа кеңесшісі тағайындалды
Әбдіманап Жасұлан Лесбекұлы Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 06 Желтоқсан, 2019
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Linde AG өзара меморандумға қол қойды
2019 жылғы 5 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Linde Aktiengesellschaft неміс трансұлттық химиялық компаниясы арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы қазақстандық мұнай компаниясының жұртшылықпен байланыс департаменті хабарлады.
Саясат • 06 Желтоқсан, 2019
Братиславада Сыртқы істер министрлер кеңесінің 26-отырысы өтіп жатыр
Братиславада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының мүше-мемлекеттері Сыртқы істер министрлер кеңесінің (ЕҚЫҰ СІМК) 26-отырысы өткізілуде. Кездесу шеңберінде 2019 жылы Словакияның төрағалығы кезіндегі жұмыс қорытындылары және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланып жатыр. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 06 Желтоқсан, 2019
Димаш Құдайберген «Виктория» сыйлығының екі аталымында жеңіске жетті
Әнші Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» музыкалық премиясында «Жыл жаңалығы» және «Классикалық музыкадағы жыл әншісі» номинациялары бойынша жеңіске жетті. Бұл туралы dimashnews.com хабарлады.