Білім • 04 Желтоқсан, 2024
Трансұлттық білім саласындағы маңызды қадам
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінің бірінде: «Елімізде әлемнің үздік университеттерінің филиалдарын ашуды ұсынамын, бірлескен ғылыми іс-шаралар өткізіп, тәжірибе алмасу қажет. Тіл бөлімдерін ашуға байланысты жұмыс қайта жандануы керек. Жасанды интеллект, цифрлық және аэроғарыш өнеркәсібін дамыту ерекше назар аударуды қажет етеді», деген болатын.
Өнер • 04 Желтоқсан, 2024
Биыл композитор Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдық мерейтойы. Атаулы датаға орай «Астана Опера» ұжымы сыршыл сазгердің «Айсұлу» комедиялық операсын қайта жаңғыртты. Араға 60 жыл салып жаңаша түрленген туынды сахналық тосын шешімдерімен көрерменін елең еткізді.
Театр • 04 Желтоқсан, 2024
Ұлттық драматургияға жаңа есімдердің келуі – театр өнерінің дамуына тыныс, өзгеше бір философиялық ағым әкелді. Жас режиссерлердің ізденіс кеңістігін ұлғайтып, көркемдік деңгейін тереңдетуге мүмкіндік берген шығармалардың бірі – Мерей Қосынның «Мен жоқ жердегі менің өмірім» атты пьесасы. Бұл драма адамның санасында қалып қойған мың сан естелік сурет пен ішкі арпалыс арқылы экзистенциалды ізденістерін айшықтайды.
Сараптама • 04 Желтоқсан, 2024
Әйелдер кәсіпкерлігі ақпараттық қолдауға зәру
БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарында 17 меже көзделген. Олардың ішінде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту (5 мақсат), ауқымды және экономикалық өсуге, баршаны толық, өнімді, лайықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу (8 мақсат), елдер ішіндегі және олардың арасындағы теңсіздікті қысқарту (10 мақсат) бағыттары қамтылған.
Жоба • 04 Желтоқсан, 2024
Қаржылық сауатты арттыру жобасы қорытындыланды
Қазір қарыз қамытын кимеген кісі кемде-кем. Қолға түскен мәліметтерге сүйенсек, елдегі әрбір үшінші адамның банк алдында берешегі бар. Қарызын қайтара алмай, проблемалық несие қорын толықтырып жатқандардың саны артқан. Мұның арты үлкен әлеуметтік мәселеге ұласып, күрмеуі көп күрделі жағдайға тап болғандар азаймай тұр.