Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2022
Қарашаның қытымыр аязы өңірде жерасты жылу құбырларының әбден ескіріп кеткенін еске салды. Аудан орталықтарындағы жылу желілерінің де жай-күйі оңып тұрған жоқ. Биыл орталықтан жылитын тұрғын үйлер мен мектептердің іші азынап кететін жағдайлар жиі кездесіп жатыр.
Сұхбат • 05 Желтоқсан, 2022
Берік Асылов: Басты мақсатымыз – адам құқын қорғау
Қоғам өмірінің барлық саласында заңдылықтың сақталуын қадағалайтын прокуратура органдарының рөлі айрықша. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев прокуратураға үлкен міндеттер жүктеп отыр. Бүгінде прокуратура заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша мемлекеттің сенімді тірегіне айналды. Ал 6 желтоқсан – Прокуратура күні қарсаңында Бас прокурор Берік Асыловқа қылмыстық істерді тергеу, бизнесті қорғау, Қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасау, шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару комиссиясының жұмысына қатысты сұрақтарымызды қойған едік.
Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2022
Қазақтың көрнекті жазушысы Қажығали Мұханбетқалиұлы тірі болса, біздің де, өзінің де 80 жылдық мерейтойында жарқырап ортамызда отырар еді. Бірақ тағдырдың жазуы осындай болды, Қажекең қазір арамызда жоқ. Есесіне, артында өлмейтін шығармалары қалды, ұрпағы, жары қалды.
Әдебиет • 05 Желтоқсан, 2022
Бәріне қара тас кінәлі ме?.. Көлік жол шетіндегі тасқа соғылды, дүние төңкеріліп жүре берді. Өлең-күй шертілмей қалды – жыр-ғұмыр үзілді. Аяқталмай қалған өлеңі бедерленген ақ парақты ұстап аңыраған ана, ақ жаулығының ұшымен бетін баса жылап адал жар, көкелерінің мәңгілікке кеткенін аңғарған-аңғармаған сәби-бала, бауырымдаған ағайын қалды соңында. Бұл, үлкендерден естігеніміздей, ақын Жеңіс Қарғабаевтың жер бетіндегі тағдырына нүкте қойылып, бақиға аттанып кете барған сәттердегі сұрықсыз көрініс еді.
Аймақтар • 05 Желтоқсан, 2022
Екібастұздың Жанаргүлі. Бұл есім аталса, Кереку халқы өңірдегі ақын қыз-келіншектердің көшін бастаған қазақтың аяулы қызының отты жырларын есіне түсірер еді. Танымал ақын, аудармашы, журналист Жанаргүл Қадырова өз оқырмандарына алғаш рет шығармашылық кешін ұсынды.