Әлем • 29 Желтоқсан, 2020
Биылғы жылдың кім-кімді болсын әуре-сарсаңға салғаны белгілі. 2020-ның адамзат тарихында дүние жүзін жаппай әбігерге түсірген жыл ретінде есте қалатыны анық. Әлемді жаулаған белгісіз індетке байланысты оқиғалардан бөлек, Жер шарының тұрғындары саяси, әлеуметтік, экологиялық апаттардан да көз ашқан жоқ. Кібісе жылының соңғы күндерінде солардың бірқатарын шолып шығуды жөн көрдік.
Руханият • 29 Желтоқсан, 2020
Биылғы «Волонтер жылы» әлемде таралған коронавирус індетімен тұспа-тұс келді. Елімізде де таралып жатқан індеттен қорғанудың бір жолы – халықтың амандығы үшін үйден көп шықпау. Жанымызға жақын адамдарды індеттен сақтау, үлкен кісілерге көмек көрсету. Осы тұста волонтер жастардың еңбегі зор.
Руханият • 29 Желтоқсан, 2020
Пір Бекет пен абыз Әбіш елінде
Халық: «Мединеде – Мұхаммед,Түркістанда – Қожа Ахмет,Маңғыстауда – Пір Бекет»,– деп сыйынған, «Бекет ата – Қиянатқа жол бермес әділдіктің, күпірлікке жол бермес адалдықтың, қараулыққа жол бермес шапағаттылықтың, қатыгездікке жол бермес мейірімділіктің, арсыздыққа жол бермес парасаттылықтың асқан үлгісін танытқан, елінің жел жақтағы панасы, ық жақтағы саясы бола білген азамат, жаудан елді арашалаған батыр, дауда әділетті арашалаған қази, озбырлықтан обал мен сауапты арашалаған пірәдар, әлсізге медет, күштіге айбар, зарыққанға жебеу, тарыққанға демеу, асқанға тосқан, сасқанға сая, ұрпаққа ұстаз, ұлысқа ұран, ел иесі, жер киесі» деп шынайы бағасын заңғар жазушы Әбіш Кекілбайұлы берген. Ол кісінің анасы – Айсәуле апамыз да отырып-тұрған сайын «Уа, Пір Бекет!», – деп сыйынып, сөзін де солай бастайтын. Бекет ата солай жүрегіме орнығып, басына бір барып зиярат ету арманға айналғалы қашан...
Таным • 29 Желтоқсан, 2020
Жамбылтанудағы өзекті мәселелер
«Соғыс бітті» деген қуанышты хабарды естіп Жамбыл 1945 жылы 22 маусымда жүз жасқа жеті ай қалғанда дүниеден озды. Аманат өсиеті бойынша ұлы ақын ауылындағы баққа жерленді. Келер жылға дейін бейітіне үлкен күмбез тұрғызылды, жүз жылдығы деп асы берілді. Жерлеуіне де, жүз жылдығына да Қазақстанның басшылары түгел қатысты, атақты ақын-жазушылардың бәрі келді. Жамбылдың 125 жылдығы Жамбыл ауылында, музей алдындағы дала сахнасында өтті. Оған Д.А.Қонаев бастаған Үкімет басшылары, КСРО Жазушылар одағының бірінші хатшысы С.Марков және он бес одақтас республикадан келген жазушылардың үлкен делегациясы қатысты. Ақын Әбділда Тәжібаев баяндама жасады. 150 жылдық мерейтойында да көптеген игі шара өткізілді. Сүйінбай ақынның музейі ашылды, Жамбыл ауылындағы музей мен мектеп күрделі жөндеуден өтті. Алматыдағы Республика сарайындағы өткен салтанатта Елбасы Н.Ә.Назарбаев мазмұнды баяндама жасады. Ал 2021 жылы қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толады. Осыған байланысты кейбір ой-пікірлерімізді ортаға салуды жөн көрдік.
Әлем • 29 Желтоқсан, 2020
Қытай билігі Alibaba Group-қа қатысты монополияға қарсы тергеу процедурасын бастады. Бұл туралы Wall Street Journal хабарлады.