Коронавирус • 08 Желтоқсан, 2020
Сақтық – саулық негізі екені күн сайын айтылып та, жазылып та жүргені анық. Бірақ маңызына мән беріп, тереңіне үңіліп жатқан жандар аз. Олай дейтініміз, сыры белгісіз дертпен сырқаттанушылар саны артуда. Емхана есігінен енушілер де азаймай тұр. Дендеген дертті дер кезінде тоқтату маскадан емес, ауызбіршіліктен екенін түсінетін уақыт жеткен сияқты. Тәртіпке бағынсақ, талап та күшеймейді, ауру да асқынбайды.
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2020
Рухани байлыққа үндеген «Kitap fest»
Шымкент қаласының мәдени өміріндегі айтулы іс-шаралардың бірі болған кітап фестивалі барысында «Еріктілер лигасы» ұйымы ең көп сатылған кітаптарға қатысты сауалдама жүргізіпті. Кішігірім зерттеу нәтижесінде «Махаббат қызық мол жылдар» кітабының ең көп сұранысқа ие болғаны анықталған. Одан кейін мотивациялық, психологиялық кітаптарға қызығушылар көп болған. Республикалық кітап көрмесіне өз өнімдерін әкелген «Шұғыла» баспа үйі менеджерлері келушілер арасында, әсіресе, логикалық кітаптарды сұраушылар көп болғанын айтады. Ал «Эрудит» кітап дүкені көрмеге қойған кітаптардың арасында Аятжан Ахметжанның «Мінез», «Ұлт болам десең» мақалалар мен сұхбаттар жинағын сұраушылар қатары басым екен.
Руханият • 08 Желтоқсан, 2020
Қазақ тіл білімінің дамуына бар ақыл-ой қуатын, бар ғұмырын арнаған, қоғамдық сананың кемелденуіне, замана талаптарына сай ұдайы жаңғыруына зор үлес қосып келе жатқан көнекөз ғұламалар мен ұстаз-ғалымдардың жан жағына жарық шашқан жарқын шоғыры бар еді. Оның тобында ақырын жүріп, анық басып келе жатқан қарымды қайраткерлердің бірі Рақыш Сәтұлы Әмір болатын. Бүгінде сол жарық шашқан жарқын шоғырдың тобы селдіреген, көз жетер жерде тоқсаннан жүзге қарай өрлеп келе жатқан Рақыш Сәтұлы көрінеді.
Руханият • 08 Желтоқсан, 2020
Осыдан жеті жүз жыл бұрын парсы тілінде жазылған, кезінде барлық оқымыстылар мойындаған және «ортағасырлық энциклопедия» ретінде танылған Рашид ад-Диннің «Жамиғ ат-тауарих» атты кітабын қалың жұртшылық ақиқат тарих деп санайтыны белгілі. Рашид-ад-Дин бұл кітапта келтірілген деректердің XIII-XIV ғасырларда Иран мемлекетінде хандық құрған Шыңғыс хан әулетінің қазыналарында аса құпия сақталған «Алтын дәптер» сияқты дереккөздерден алынғаны туралы бірнеше рет атап өткен. Аталған кітап әлем жұртшылығына тек XIX ғасырда ғана танымал бола бастаған.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2020
Отырар қалашығы Жаңғырту жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр?
«Отырар кеше, бүгін, ертең: туристік және зерттеу болашағы» тақырыбында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференцияға қатысқан ғалымдар Отырардың ойрандалмайтынын мәлімдеді. Биыл Отырартөбеде 3 жылға арналған ауқымды реставрация жұмыстары басталды. Ұлы дала елінің терең тарихынан сыр шертетін нысандарды қайта қалпына келтіріп, туризм саласын жандандыруға бағытталған бұл жоба аясында атқарылған жұмыстарға қатысты сыни пікірлер де айтылған болатын.