Инфрақұрылым • 06 Желтоқсан, 2025
Ақши елді мекенінде бірнеше аптаға созылған ауызсу тапшылығы өз шешімін тапты, деп жазады Egemen.kz.
Сұхбат • 06 Желтоқсан, 2025
Ақыш ОМАР, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: Актерді классикалық шығарма шыңдайды
Қазан айында елордадағы Қаллеки театрында Ақыш Қоңыртайұлының мерейтойына арналған шығармашылық кеші өтті. Сонда сахна саңлақтары белгілі актердің өнердегі табысы, ұстаздық қызметі, азаматтық келбеті жайында ағынан ақтарылып сөйледі. Айталық, өнер қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Тұңғышбай әл-Тарази: «Ақыш жауапкершіліктің ұшар басында жүретін, сөзі мен ісі біріккен, таза жігіт. Талантты актер, білімдар ұстаз, кісілігінің төрт құбыласы түгел азамат» десе, Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов: «Ақыштың тағы бір жақсы қасиеті – ол өзін-өзі дәріптеуден, насихаттаудан мүлде аулақ. Әйтпесе оның кез келген рөлі туралы үлкен мақала жазуға болар еді. Бірақ ол ешқашан өз-өзін мақтатпайды. Бұл қасиеті оның бүгінгі көптеген «жұлдызсымақтан» ерекшелеп тұрады», деп жылы лебіздерін білдірді. Шынында, танымал тұлғаның бойынан бір бекзаттықты байқайсыз. Ұстамды. Байыпты. Асып-тасығанын көрмейсіз. Үнемі бірқалыпта жүреді. Өнерде тындырғаны да көп. Біз бүгін Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрының белді актері, К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Ақыш Омармен өмір жолы мен бүгінгі театр өнері жайында әңгімелестік.
Өнер • 06 Желтоқсан, 2025
Ерекше әшекейге айналған «Қарлығаш»
Әдемі әшекей кім-кімнің де көзінің жауын алады. Түймедей әсемдікке еріксіз тамсанып, сән қылып тағып алғандағы әсер тіптен басқаша. Десе де кез келген қолөнер туындысы қандай құштарлықпен, қаншама еңбекпен жасалатыны, шеберге ғана мәлім.
Руханият • 06 Желтоқсан, 2025
«Мен еліктеп өстім, аға, өзіңе»
Адам көңіліндегі дақ түспеген, кірлемеген кіршіксіз сезімнің орны қай кезде де бөлек екеніне ешкім таласа қоймас. Құлындай құлдыраңдап шапқылап жүрген уақытта ағаға деген құрметті аңғара бермейтініміз ақиқат қой. Самайын ақ қырау шалған кезде ғана Алатаудай биік ағалардың қадір-қасиетін біліп, кісілік келбетін түсінеміз. Бәлкім, жолы бөлек, жөні ерек сол ағалардың бойындағы бекзаттықты, адами қасиеттерді бағалауға зымырандай зулаған жылдар жылыстап өтуі қажет болар. Кім білсін?
Қоғам • 06 Желтоқсан, 2025
Игі істер адамдарға қуаныш сыйлайды
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде қызмет етіп жатқан волонтерлерді Халықаралық волонтерлер күнімен құттықтады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында қалдырған жазбасында волонтерлік қозғалыс еліміздегі қоғамдық өмірдің ажырамас бөлігіне айналғанын мәлімдеді.