Футбол • 04 Желтоқсан, 2020
Дүйсенбіде 9 айға созылған футболдан Қазақстан Премьер-лигасының кезекті маусымы өз мәресіне жетті. 29-мәрте ұйымдастырылған ел біріншілігін 12 команда бастағанымен, екі турдан кейін Павлодардың «Ертіс» клубы қаржылық қиындыққа байланысты чемпионаттан шығып қалды. Сөйтіп маусымның соңына дейін 11 клуб жанкүйерлерге тартысты ойын сыйлап, «Қазақстан чемпионы» деген атаққа және келер жылғы Еурокубок бәсекелеріне қатысуға мүмкіндік беретін жолдамаға таласты.
Өнер • 04 Желтоқсан, 2020
Мен онымен танысқанда ол жай ғана Хұсейн Теміров болатын. Аласа тамның ұстынындай ұзын, бет-жүзі жаңа ұстала бастаған тұтқыштай қоңыр, көз жанары жаңа батарея қойған қалта фонарындай нұрға толы, даусы Тереңөзектің күрішшілерінің бригадиріндей зор, еркіне жіберсең қазірдің өзінде арық жағасындағы ажырақтай қау етіп қаптап кетуге дайын сақал-мұрты мен жақ жүні тері астынан буырқана тебіндеп келе жатқан жас жігіт еді. Құрманғазы атындағы консерваторияның актерлік факультетін жаңа бітірген жас жігіттің кеудесі арман атаулының кең ұясы екені айтпаса да түсінікті.
Таным • 04 Желтоқсан, 2020
Адель синдромы немесе Виктор Гюгоның қасіреті
Махаббаттың да өз емле-ережесі мен стихиясы бар. Оны қиратуға сіз бен біздің қауқарымыз жетпейді. Тіршіліктің даму заңы үнемі адамдардың пайдасына шешілетін болса, Құдайдан бірнәрсе тілеудің өзі жалған аңқаулық емес пе?! Олай болса, бір адамды шексіз сүю арқылы бір дәуірдің азабын арқалаған арудың есінен адасқанын аңызға балап, ақталып көріңізші? Бір адам қателеспегенде тұтас тарих басқаша сөйлейтін еді деудің өзі де ағаттық. Біз жауапсыздық жайлы айтқымыз келеді, бірақ ол сізге ұнамауы мүмкін... Мүмкін, ұнап та қалар... Мәжнүндік мифке тіл бітірген Адель синдромы.
Қоғам • 04 Желтоқсан, 2020
Тығырыққа тірейтін тұйық тірлік
Осы күні ең оңай жұмыс кеңседе отырып, билік құру, ақыл айту секілді. Оны жұрт қалай қабылдайды, нәтижесі бола ма, әлде айтып құтылдым үшін бе екен? Орыстың әдебиет сыншысы В.Белинский «Аяғыңыздың астына қараңызшы» депті. Оларға иіліп, бүгіліп, тұқшыңдап, аяқтың астына қарау қиын болса, төңірегіне жасандылықпен емес, өзін алдау үшін емес, жалған мәліметті малданбай, тұрғындардың сөзіне сәл де болса құлақ асып, ақиқатты аттамай жіті қараса халықтың бар-жоғын көрер еді. Бүгінгі бір олқылығымыз айта салып, халықты алдай салсақ болады дегенге саяды. Мұның ақыры бір кездері әттеген-айға әкелуі мүмкін.
Руханият • 04 Желтоқсан, 2020
Алматыда «Жадыңнан өшпес» деп аталған ұжымдық монографияның таныстырылымы өтті. Кеңес заманындағы қолдан жасалған қиындықтар, алып империяның езгісіне түсіп, табанына жаншылған халықтардың тағдыр-талайын арқау еткен туынды талай жайдан сыр аңдатады.