Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2019
Түркістан: «1424» фильмі көрермен назарына ұсынылды
Түркістанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен жарық көрген «1424» қысқаметражды фильмнің алғашқы көрсетілімі өтті. Жаңа туындының тұсаукесеріне облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қатысты.
Руханият • 23 Желтоқсан, 2019
Архивте 1775-2019 жылға дейінгі аралықты қамтитын 189 қор сақталған
Өткен тарихмызды өшірмей, өлтірмей келер ұрпақтың қолына тапсыруда, оның сақталып, сұрыпталып бір ізге түсуінде Архив қызметінің алар орны айрықша екені белгілі. Аталған саланың бүгінгі жұмысына үңіліп, болашағына көз салу үшін Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік ғылыми техникалық құжаттама архиві» РММ директоры Баян ЖҰМАТАЕВАМЕН сұхбаттасқан едік.
Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2019
ТҚЖБ: Маңғыстауда 65 мың салымшы мемлекет сыйлығын алады
Өткен жылдың қорытындысы бойынша мемлекет сыйлығын өңірдің 65 000-ға жуық тұрғыны ала алады. Қазір Маңғыстау облысында осыншама ТҚЖБ салымшылары бар. Оның 18 475-і осы жылы келісім-шарт ашты. Бұл туралы бүгін журналистермен кездесуде банк филиалының директоры Медет Абугалиев мәлімдеді.
Парламент • 23 Желтоқсан, 2019
Сенаторлар Өзбекстандағы сайлауға байқаушы ретінде қатысты
Сенаторлар Ерболат Мұқаев және Ғұмар Дүйсембаев Өзбекстандағы сайлауға ТМД ПАА және ЕҚЫҰ ПА байқаушылар миссиясына қатысты. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 23 Желтоқсан, 2019
Қызылордада табысы аз отбасылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту жобасы басталды
Қызылорда облысы табысы аз, көпбалалы отбасыларға және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға кәсіпкерлік дағдыларды дамытуға және өз ісін ашуға қолдау шараларын ұсынуға бағытталған «Менің кәсібім» жобасы сәтті іске асырылып жатқан бесінші аймақ болды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.