Аймақтар • 22 Желтоқсан, 2019

Аймақтық олимпиада өтті

23 рет көрсетілді

Былтыр ардагер ұстаздың құрметіне арнаулы кабинет ашылып, ұрпақтарының демеушілігімен жабдықталған болатын.

Жақында Абай ауданындағы Шәкір Әбенов атындағы орта мектебінде ұлағатты ұстаз Берік Байынбетов құрметіне математика пәнінен аймақтық пән олимпиадасы өтті.

 Аймақтық пән олимпиадасына ауданның Ш.Әбенов, Шәкәрім, Көкбай орта мектептерінен 23 оқушы қатысты. Былтыр ардагер ұстаздың құрметіне арнаулы кабинет ашылып, ұрпақтарының демеушілігімен жабдықталған болатын.

Олимпиаданың ашылу салтанатында «Квант» пән бірлестігінің жетекшісі Т.Қожағұлова Б.Төкішұлының өмір жолы жайында айтып берсе, мектеп директоры С.Кемерханов, ардагер ұстаздың ұрпағы А.Байынбетова әріптестері туралы естеліктерімен бөлісті. Олимпиада қатысушылары мектеп ішінен ашылған Қ.Мақажанов және Шәкер Әбенов мұражайымен танысты.

Аймақтық пән олимпиасының қорытындысында І орынды Ж.Қалижаппарова, А.Зиятова, Б.Серікқалиев, Б.Түгелбаева иеленсе, ІІ орынды И.Манатұлы, А.Серікбекқызы, Г.Мұхамедиярова, А.Бекенова қанжығаларына байлады. ІІІ орын Н.Қабдыкәдіров, Н.Жаннұрқызы, Л.Мұратжанова, А.Мұратбековке бұйырды. Шара соңында мектеп директоры демеушілер мен қонақтарға алғысын білдірді. Олимпиаданың өтуіне Б.Төкішұлының ұрпақтары демеушілік көрсетті. Олимпиада үздіктері мен қатысушылары арнайы мақтау қағаздары мен Алғыс хаттар, медальдарға ие болды.

 Адина Берікқызы

Шығыс Қазақстан облысы,

Абай ауданы

 

Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар