Сұхбат • 21 Желтоқсан, 2023
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету – негізгі мақсат
Түркістан облысы Ордабасы ауданының Жусансай, Ақ қойлы, Төреарық, Жетісай ауданының Алмалы және Мақтаарал ауданының Жеңіс елді мекендерінде ішімдік атаулы сатылмайды. Тұрғындардың бастамасымен. Жоғарыда аталған елді мекендерде алкоголь өнімдерін сатпаудың нәтижесінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың саны азайған. Полиция департаментінің бастығы, полиция генералы Мұрат Қабденов аталған оң бастаманы облыстың басқа да елді мекендерінде тарату бойынша жергілікті әкімдіктер түсіндіру жұмыстарын күшейтсе, отбасылық-тұрмыстық қылмыстардың азаюына ықпал ететінін айтады.
Абай • 21 Желтоқсан, 2023
«Egemen Qazaqstan» газетінің осы жылы 4 желтоқсандағы бір бетті толтырған «Жан және «Еуропаның жағалауы» атты мақаласын Тұрсын Жұртбай мен Сұлтан Ыбырай былайша қорытындылайды: «Ендігі жерде абайтану ілімінің жаңа арнасы Фридрих Бенкеден өріс алатыны анық». Біздіңше, бұл – миллиондаған қазақ оқырманын Абай жолынан адастыру.
Театр • 21 Желтоқсан, 2023
Жалпы, соңғы уақытта Қызылордадағы Н.Бекежанов атындағы драма театрда жаңалық көп. Өнер ұжымының гастрольдік сапарларынан бөлек, биыл Сыр көрермендеріне Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының, Ғабит Мүсірепов атындағы Жастар театры өнерпаздарының және «Шам» театры ұжымының өнерін жергілікті сахнада тамашалауға мүмкіндік туды.
Өнер • 21 Желтоқсан, 2023
Дина Нұрпейісова атындағы академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінің репертуары өте бай. Өнер ұжымы қазақтың және әлемнің танымал композиторларының туындыларын орындайды. Жақында оркестр Мажарстан астанасы – Будапешт қаласындағы House of music залында өнер көрсетті.
Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2023
Қызылордада жуырда ғана баспа жүзін көрген мемлекеттік тілдегі ас мәзірі туралы монография-анықтамалық пен тағам атауларына арналған сөздіктің таныстырылымы өтті.