Фото: ашық дереккөз
«Қазақстан автокөлік одағы» коммерциялық емес ұйымы ұсынған ақпаратқа сәйкес, қараша айының соңында Қазақстанда автокөліктің орташа бағасы 14 миллион 810 мың теңгеге дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш 2022 жылдың қараша айында 15 млн 160 мың теңге болған еді.
Айта кетсек, биылғы қарашада елімізде 17 538 жеңіл және жеңіл коммерциялық көлік, 1 429 жүк көлігі мен автобус сатылды. Бұл 2022 жылғы қарашамен салыстырғанда 54,1%-ға көп.
2023 жылғы қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда ең көп сатылған автомобиль брендтері:
- Chevrolet (4243 автомобиль, жылына +35,7%);
- Hyundai (3605, +16,9%);
- Kia (2101, +22,3%);
- Toyota (1252, +79,4%);
- Chery (1218, +58,8%).
Қараша айындағы ең танымал модельдер:
- Chevrolet Cobalt;
- Hyundai Tucson;
- Chevrolet Onix;
- Hyundai Santa Fe;
- Chery Tiggo 2.