Үкімет • 23 Желтоқсан, 2022
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстандағы орталық мемлекеттік органдар басшылығы мен дипломатиялық корпус, БҰҰ және БҰҰ ДБ өкілдерінің қатысуымен Орнықты даму мақсаттары (ОДМ) жөніндегі үйлестіру кеңесінің 6-отырысын өткізді.
Экономика • 23 Желтоқсан, 2022
Абай облысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ бөлімшесі ашылды Семей қаласында «ҚазАгроҚаржы» АҚ жаңа филиалының ресми ашылуы өтті. Оған Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, акционерлік қоғамның басқарма төрағасы Айдар Прашев қатысты.
Экономика • 23 Желтоқсан, 2022
Биыл астықты аймақта алқап берекелі болды. Өңір диқандары 5 млн 21 мың тонна өнім алып, былтырғы көрсеткіштен 2 млн тонна артық бидай бастырып алды. Шаруалар айтатын «Алаған алқап – береген» деген сөз бар. Алағаны – жер өңдеп, дәрі себуге, дән сіңіріп, техника оңдауға кететін шығыны, берегені – ала жаздайғы еңбегінің өтеуі, алған өнімі, тапқан табысы мен оның берекесі. Топыраққа неғұрлым көп қызмет етсең, қайтарымы да соғұрлым мол болады, Жер-ана, тіпті қуаңшылық қысса да несібесіз қалдырмайды.
Экономика • 23 Желтоқсан, 2022
Теңгелік депозиттер бойынша өтемақы төлеу: банктер 284 млрд теңгеге өтінім қабылдады
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ), 2022 жылдың 23 ақпанын қоса алғанда, теңгеде ашылған депозиттер бойынша 10% көлеміндегі өтемақы (сыйақы) алуға өтініш беру мерзімі 2023 жылдың 1 қаңтарында аяқталатынын еске салады.
Руханият • 23 Желтоқсан, 2022
«Әдеби насихат пулы» жобасы – Қазақстан Жазушылар одағы мен Алматы қаласы мәдениет басқармасының бірігіп қолға алған игі шарасы. Оның мақсаты – мегаполистің әр аудандарында қаламгерлермен кездесулер ұйымдастырып, ұлттық болмысымызға негізделген рухани құндылықтарды дәріптеу болды.