Қоғам • 22 Желтоқсан, 2022

«Кублей» зауытына қатысты дау жалғасын тапты

234 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Тараптар келісімге келе алмағандықтан «Кублей» зауытына қатысты дау бүгін қайта жалғасын тапты. Зауыт иелерінің талап арызы бойынша іс бұдай былай БҚО облыстық сотында жалғасатын болды. Бүгінгі сот отырысына отандық БАҚ өкілдері онлайн қатысты.

«Кублей» зауытына қатысты дау жалғасын тапты

Осыдан бір ай бұрын, яғни 23 қарашада Орал соты өндірістік істі тоқтатқан болатын. Судья тараптардың ымыраға келуге шақырған еді. Алайда белгілі заңгер Бақытжан Базарбек соттың бұл әрекетін заңсыздық екендігін алға тартып отыр.

Бүгін Оралда «Кублей» ЖШС кәсіпорны тарапынан Орал қаласы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Бақтияр Жорабаевтың үстінен түскен шағым бойынша апелляциялық сот алқасының отырысы өтті. Оған облыстық соттың судьясы  Айгүл Маштақова, «Кублей» ЖШС өкілдері мен сотқа шақырылған жауап берушілер және үшінші тараптың өкілдері қатысты.

Рр

Судья Айгүл Маштақова сот отырысын ашқаннан кейін тараптардың пікірін білу мақсатында қатысушыларға сөз берді. «Кублей»ЖШС адвокаты Бақытжан Базарбек Орал қаласы мамандандырылған экономикалық сотының судьясы Бақтияр Жорабаевтың тараптарды ымыраға келуі үшін өндірістік істі тоқтатып тастауын заңсыздық деп атады. Оның сөзінше, Азаматтық іс жүргізу кодексінің талаптары бойынша пікірталастан кейін соттың өндірістік істі тоқтатуға құқығы жоқ. Судья шешім шығаруы тиіс болған. Бірақ қоғамдағы резонансқа байланысты сот шешім шығара алмаған.

«23 қара күні судья Жорабаев шешім шығарады деп үміттендік. Бірақ ол кеңесу бөлмесіне кетіп,тараптарды татуласуға шақырды. Ол 23 қазанда шешім шығарып тастауы тиіс еді. Алайда уақыт созды. Оның әрекеті азаматтық процессуалдық іс жүргізуге сай емес. Жорабаев ҚР Азаматтық процессуалдық іс жүргізу кодексінің 273 бабын негізге алып, өзара ымыраға келуге шақырғанын айтты. Бұл жерде медиация бар, ымыра жоқ. Сондықтан мен  қалайша ымыра келу керектігін мүлдем елестете алмаймын және заңның талабы бұзылған деп санаймын. Өндірістік істі тоқтатуға ешқандай негіз жоқ. Ымыраға келу туралы қаулының күшін жойып, істі экономикалық соттың қарауына жіберуіңізді сұраймын»,  деді «Кублей» ЖШС заңгері Жәнібек Башанов.  

«Кублей» тарабының ұстанымын жауап беруші және үшінші тараптар да қолдап, судья Жорабаевтың өндірістік істі тоқтату жөніндегі шешімін жоққа шығарып, сот ісін қайта жалғастыруды, сәйкесінше, сот шешімін шығаруды талап етті. Тараптардың пікірімен танысқан судья Айгүл Маштақова ақылдасудан кейін өз шешімін жария етті. Оның айтуынша, судья Жорабаевтың әрекетінде заңсыздық деректері жоқ. Мәселені бейбіт жолмен шешуге ынталандыру мақсатында судья өндірістік істі тоқтатуға құқылы. Алайда бұл жағдайда судья өндірістік істі 10 жұмыс күніне ғана тоқтата алады.

«Бұл мерзім аяқталды. Тараптардың ымыраға келіп, мәселені бейбіт жолмен шешуге қарсы екеніне менің көзім жеткендіктен, сот ісі әрі қарай жалғасатын болады», деп қорытындылады сөзін судья Айгүл Маштақова.  

Алдымен «Кублей» ЖШС өкілдері өндіріс аумағына жақын жерден заңсыз құрылыснысандарын салуға рұқсат берген Орал қаласының әкімдігі мен қалалық жер қатынастары басқармасын сотқа бергенін еске сала кетейік. Әкімдіктің өкілдері екі жылдан бері 30 жылдық тарихы бар алып зауыттың жанынан тұрғын үй тұрғызуға не себепті рұқсат бергендеріне нақты дәйек таба алмай келеді. Осы заңсыздықтың салдарынан зауыт жабыла қалған жағдайда, өндіріс орнындағы 700-ге жуық адам жұмыссыз қалса, тек БҚО  3,5 мыңға жуық ірі шаруа қожалықтары өсіріп отырған малдың етін өткізуден қағылмақ.

Кд

 

АЛМАТЫ