Аймақтар • 22 Ақпан, 2022
Бөкейхан ауданында Байтұрсынұлы көшесі болады
Арқа төсіндегі білімнің қара шаңырағы академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті өзінің байырғы биігіне қайта көтеріліп, оң өзгерістерге толы ауқымды жобаларға белсенді түрде араласа бастады. Әлбетте, бұл жағымды үдерісті жаңа басшы – университет ректоры Нұрлан Дулатбековтің есімімен тығыз байланыстырған жөн.
Әдебиет • 22 Ақпан, 2022
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің ұйытқы болуымен белгілі қаламгер, Президент сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қали Сәрсенбаймен әдемі әсерге толы оқырмандардың кездесуі өтті. Мазмұнды іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаты, қаламгер Сауытбек Абдрахманов, «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары, жазушы Мереке Құлкенов, сатирик Көпен Әмірбек, публицистер Жанболат Аупбаев пен Шархан Қазығұл және ақындар Ғалым Жайлыбай мен Қасымхан Бегманов бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері қатысты.
Ғылым • 22 Ақпан, 2022
Көз ауруын емдеудің жеңіл жолы
Техника мен технология өмірімізді жақсартып, жұмысымызды жеңілдетті. Бірақ оның адам денсаулығына тигізетін зияны да көп болып тұр. Айталық, қазір өмірімізді компьютер мен смартфонсыз елестете алмаймыз. Ал бұл көз ауруларының көбеюіне себеп болып жатыр. Әлемде ғалымдар көру қабілетін бұзбаудың немесе жақсартудың жолдарын зерттеп келеді. Оған отандық зерттеушілердің де қосқан өзіндік үлесі бар.
Ғылым • 22 Ақпан, 2022
Жас зерттеуші Арнұр Кенжеғалиев – Абай атындағы ҚазҰПУ Жаратылыстану және география институтының докторанты. Студенттік жылдарда жартылай қанатты зерттеу ісіне түпкілікті берілген Арнұр алғаш рет жартылай қатты қанаттыларына инвентаризация жүргізіп, осы отряд фаунасына кешенді талдау жасап, нәтижесінде 25 тұқымдасқа жататын 162 түрді анықтаған болатын. Дипломдық жұмысы ретінде таңдаған Сайрам-Өгем ұлттық паркіндегі жартылай қатты қанаттыларын (фауна, биология, экология және шаруашылық маңызы) зерттеу тақырыбына да үлкен ізденіспен бара білгендігін ұстаздары жоғары бағалады.
Қоғам • 22 Ақпан, 2022
Есірткіге қарсы күрес өрістей түсуі керек
Нашақорлық індеттің де кеселі қоғамға өзінің кесірін аз тигізбей тұр. Бұл дертпен «ауырған» адамның баратын жері түрме екені белгілі, бірақ соған жетпей қылмыстық әрекеттер жасап, қоршаған ортаға, адамдарға залалын тигізіп бағады. Қазір табиғи есірткіден гөрі мас қылатын жасанды препараттардың айналымы артуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында осы мәселе туралы: «Өскелең ұрпақтың болашағына қауіп төндіретін тағы бір қатер – есірткі заттарының, соның ішінде синтетикалық есірткінің де таралуы. Құқық қорғау органдарына бұл қатердің азаматтар арасында, әсіресе жастардың ішінде таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырамын», деген еді.