Пікір • 20 Ақпан, 2025
Ұлт кітабын оқу бір күнмен шектелмейді
Цифрланған әлемдегі жетекші елдердің тәжірибесін зерттей келе, олардың технологиялық прогресте көш бастауының басты себебін ұғына түстік. Бұл елдердің табысты дамуы ең алдымен адам капиталымен тығыз байланысты. Ал адам капиталын қалыптастырудың негізгі құралының бірі – кітап оқу, ғылыми ізденіс және өнертапқыштық. Біз өркениет көшінен қалмаймыз десек, жаһандық тәжірибені тиімді пайдалануымыз керек.
Сұхбат • 20 Ақпан, 2025
Челли Файервазер - Вега: «Арғы қазақ мифологиясы» ағылшынтілді ғалымдарды қызықтырады
Қазақ қаламгерлерінің романдары шетел асып, ағылшынтілді оқырманға там-тұмдап болса да жетіп жатқаны қуантады. Осыдан төрт жыл бұрын жазушы Таласбек Әсемқұловтың «Талтүс» романы Америкада жарық көрген. Америкалық аудармашы Челли ханыммен сол сәтте танысқан едік. Қазақ әдебиетіндегі жауһар туындыларды мұхиттың ар жағындағы елдің тіліне аударған ол мифолог ғалым Серікбол Қондыбайдың 4 томын ағылшын тіліне аударуды аяқтапты. Қуанғанымызды айтып, онымен аз-кем әңгімелестік.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2025
Кейінгі 4-5 жылдың бедерінде Сырдария қыстың күндері де орта түсіп, кей жері ойдым-ойдым болып, табаны көрініп жататынына көз үйренген еді. Дегенмен биыл су жылдағыдан тәуір. Көп жылдан бері дария жайыла қатып, өзен арнасын көк мұз шіреп тұр. Қазір су шаруашылығына қатысты мекеме өкілдері көктемгі су тасқынына қарсы қауіпсіздік қамын жасап жатыр.
Басылым • 20 Ақпан, 2025
Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жазушы, филология ғылымдарының кандидаты Тұрлыбек Мәмесейіттің «Тау мінезі» атты кітабының таныстырылымы өтті. Іс-шараға филология ғылымдарының докторы, профессор Рақымжан Тұрысбек модераторлық етті.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2025
Қабаған иттен қалай құтыламыз?
Ауылдық жер былай тұрсын, қаланың қақ ортасында иесіз иттер қаптап кетті. Бұл мәселе кейінгі жылдары тіпті күрделене түскен. Себебі ит атуға заңмен тыйым салынған. Былтырдың өзінде өңірде 1 200 адамға ит шабуылдаса, одан бұрын 2 000 адамға иттің тісі батқан. Соның өзінде қолдан келер қайран жоқ.