Қазақстан • 14 Ақпан, 2018
Рухани жаңғыру және тәуелсіз сана
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жыл сайынғы жолдаулары, кітаптары мен мақалалары өткеннің ғибраттары мен кемшіліктерін саралап, болашаққа бағдар жасайтын стратегиялық бағдарламалар іспетті. Бұл еңбектерде баяндалған ел болып еңсе түзеу жолында атқарылған орасан зор еңбектерді, жұртымызды асқақ мұраттарға жетелеген көшбасшының бүгін еңсеріп отырған беласудан артта қалған сындар мен алдағы биік межелерге көз салып, келешекті бағамдаған тұжырымдары баршамызға, әсіресе өскелең ұрпаққа үлкен өнеге деп білеміз.
Қазақстан • 14 Ақпан, 2018
Елбасы «Тәуелсіздік дәуірі» атты іргелі еңбегінде әу бастағы «саяси-символикалық идеяның» «барыс бітімді, самұрық серпінді», «Тәуелсіздік тәжінің жақұты» – Астана шаһарына арнайы тоқталып, оның географиялық, климаттық, әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, әскери-стратегиялық, көлік және инженерлік инфрақұрылым, мәдени-ғылыми, білім беру жағынан тарихи маңызын айрықша атайды.
Медицина • 14 Ақпан, 2018
Запастағы офицерлерді көбейте берудің қажеті бар ма?
Қайран жастығын казармада өткізген, әскери өмірдің ыстық-суығын қыршын кезінен бастан кешкен кадрлық офицерлердің әскери кафедра бітіріп келгендерді «пиджак» дейтіні сонау кеңес кезінен қалған екен. Кемсіту дейсіз бе, әлде жай ғана «анықтама» ретінде қабылдайсыз ба, өз еркіңіз. Қалай болғанда да, университетте оқып, студенттік шақтың қызығына кенелген, ойын-сауықтың ортасында жүріп-ақ офицерлік шен алған жандардың білім-білігін, тәжірибесін көргені көп «кительдермен» салыстыруға келмейтіні түсінікті.
Білім • 14 Ақпан, 2018
Мұғалім мәртебесі туралы заң қабылдау керек пе?
Бүгінгінің мұғаліміне сіз қандай мінездеме берер едіңіз? Бізге кейде тәулік бойы жұмыс істейтін, барлық қоғамдық іс-шараларға жегілетін белсенді, ақша жинап ата-аналарға қол жаятын сұраншақ, оқушыларына «тәйт» дей алмайтын жасық, басшыларының сөзін екі етпейтін тілалғыш, қолбала секілді көрініп кетеді. Барлық мұғалім осындай дей алмаспыз, дегенмен... Осындай жағымсыздау мінездеменің туындауына мұғалім ғана емес, бүгінгі қоғам да кінәлі екені анық. Мұғалімнің міндеті баланы өмірге дайындау, оқушыны білімге өз бетінше ізденіске және шығармашылық іс-әрекеттерге баулу екені жұртқа жақсы мәлім.
Қазақстан • 13 Ақпан, 2018
Астанада ішкі істер органдарына арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді
2018 жылдың 16 ақпанында сағат 10:00-ден 13:00 дейін Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында Астана қаласының ішкі істер органдарына арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.