Президент • 24 Ақпан, 2020
Президент Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Еуразия экономикалық комиссия Алқасының жаңа төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 24 Ақпан, 2020
Халық үніне құлақ асу қалай жүріп жатыр?
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында атқарушы жүйе жұмысын мейлінше жариялы түрде жүргізуді тапсырған болатын. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» ұғымына сай барлық деңгейдегі билік өкілдері әлеуметпен етене болуға қадам жасауда. Әсіресе, өңірдегі тұрғындардың талап-тілегі мен ұсыныс, пікіріне құлақ асу үрдісі қалыптасуда.
Қоғам • 24 Ақпан, 2020
Елордада су басу қаупі бар 30-дан астам учаске анықталды
Елордада су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді. Комиссия қала аумағында су басу қаупі бар 30-дан астам учаскелерді анықтады. Көктемгі су басу қаупінің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ арықтарды, нөсерлік кәріз жүйелерін тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Бұдан басқа, Есіл өзенінің арнасын (Ш. Бейсекова көшесіндегі көпірге дейін аудан) кеңейту жұмыстары аяқталды. Арнаны қайта жаңарту, су реттейтін бөгет салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 24 Ақпан, 2020
«Астана Операда» П.Чайковскийдің мерейтойы атап өтіледі
1 наурыз күні «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасында елорда тұрғындары мен қала қонақтарының назарына атақты композитор П.Чайковскийдің 180 жылдығына арналған симфониялық музыка концерті ұсынылады. Бұл туралы «Астана Опера» театрының баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 24 Ақпан, 2020
Дюссельдорфта дара шыққан дзюдошылар
Германияның Дюссельдорф қаласында дзюдодан өткен Grand Slam турнирінде Қазақстан құрамасына бірде-бір жүлде бұйырмағаны жайында біз бұған дейін де баяндадық.