Президент • 19 Ақпан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королімен келіссөз жүргізді
Президент, ең алдымен, Король II Абдалланың билік басына келгеніне ширек ғасыр толуымен құттықтап, оның Иордания халқының өсіп-өркендеуіне және елдің орнықты дамуын қамтамасыз ету мен халықаралық аренадағы абырой-беделін арттыруға бағытталған жасампаз бастамаларының сәтті жүзеге асырылуына тілектестік білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тарих • 19 Ақпан, 2025
Аттиланы әлемдік деңгейде зерттеуші
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінде белгілі қоғам қайраткері, ғалым-тарихшы және қоғамтанушы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, белгілі аудармашы, тарих ғылымының кандидаты, Мадрид (Испания) университетінің профессоры Самат Өтениязовтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Әлем әдебиеті мен мәдениетіндегі Аттила тұлғасы» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция өтеді.
Музей • 19 Ақпан, 2025
Депутат тарихи ескерткіштерді қорғаудағы олқылықты айтты
Мәжіліс депутаты Болат Керімбек тарихи ескерткіштердің мемлекет тарапынан қорғалуы мен музей тұжырымдамалары туралы депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Теннис • 19 Ақпан, 2025
Елена Рыбакина әлемдік турнирдің үшінші айналымына өтті
Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина БАӘ-де өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2025
Материалдық емес мәдени мұраны сақтау Қазақстан үшін маңызды қадам
Қазақ халқы – ежелден бері өз мәдениеті мен салт-дәстүрін жоғары бағалап, ұл-қызын әдет-ғұрып, жөн-жосық арқылы тәрбиелеп, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келеді. Салт-дәстүр – елдің тәрбиесі мен мәдениетінің айнасы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер Н.Шайкенов: «Ұлт дәстүрі – заңнан биік» деген. Бұл халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған рухани мұрасының қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.