Аймақтар • 21 Ақпан, 2019
Бүйрек қатерлі ісігін робот емдейді
Дәрігерлер осыған дейін қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың бүйрегін толық алып тастауға тура келетінін айтатын. Бүйрек үсті қатерлі ісік ерте сатыда анықтау қиын. Патологиялық процестердің бүйрек жоғарғы жағында орналасқан шағын бездерде дами бастайды. Енді роботтық технологияның көмегімен бүйректі сақтап, тек зақымданған бөлікке операция жасауға мүмкіндік туды.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2019
Сенат депутаты әл-Фараби мавзолейінің құрылысын аяқтау керек екенін айтты
Сенат отырысында депутат Әлімжан Құртаев Премьер-Министр Б.Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдады.
Білім • 21 Ақпан, 2019
СДУ мемлекеттік сектормен стратегиялық серіктестікті нығайтуда
Білім беру мен гуманитарлық қарым-қатынастарды нығайту мақсатында Мейірбек Мажитовтың басшылығымен СДУ делегациясы Алматы облысы әкімдігіне қызметтік іссапармен барып қайтты. Алматы облысы әкімдігінің Open Jetisy жобалық кеңсесінде делегация өкілдері ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаевпен, Алматы облысы әкімінің әлеуметтік істер бойынша орынбасары Ақан Әбдуалиевпен, сонымен қатар облыстық Білім басқармасы басшысымен, жергілікті Қаржы және бюджетті жоспарлау ведомствосының жетекшісімен кездесті. Тараптар білім беру саласының өзекті мәселелерін ортаға салып және аталмыш саланы дамыту бойынша ортақ серіктестік орнату сұрақтарын кеңінен талқылады.
Парламент • 21 Ақпан, 2019
Ауыл жолдарына ақша керек - Сенатор Батыс Қазақстандағы жолдарға қаржы сұрады
Казталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарындағы күрежолдарға шығатын кіреберіс жолдарды жөндеуді республикалық бюджет есебінен қаржыландыруды сұрап депутат Ерболат Мұқаев Премьер-Министр Б. Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдады.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2019
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың өкімімен Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы тағайындалды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.