Бүгінгі таңда жаңа тәсілмен 50-ден астам науқас емделіп шықты.
Робот урология, жалпы хирургия және гинекология салалырында қолданылады. Жеңіл операциядан бастаған мамандар, ай сайын күрделі емдеу тәсілдерін меңгеруде. Биыл емханада арнайы оқу орталығын ашу жоспарланып отыр. Айта кетейік, роботпен операция жасауды үйрететін оқу орталықтары әлемде АҚШ пен Италияда ғана бар.
«Қазір сондай операцияларды көбейтеміз ба деп ойлаймыз. Біздің елге, біздің халқымызға бұл қолжетімді операциялар. Алдында барлығына белгілі болғандай ондай аурулар медициналық туризм саласымен Кореяға кететін, Израильге кететін, Еуропаға баратын. Менің ойымша, қазіргі роботохирургия осылай өсе беретін болса біздің аурулар өз елінде, өз жерінде осындай көмек алуға мүмкіндігі бар», – дейді ҚР Президенті іс басқармасы медициналық орталығының бөлім меңгерушісі Ерлан Еңсебаев.
Гүлбаршын САБАЕВА,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ