Құрылыс • Бүгін, 08:25

Оралда көпір құрылысы басталады

10 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орал қаласында жаңадан салынып жатқан «Ақжайық» шағын ауданын шаһар орталығымен жалғайтын жаңа көпірдің қазығы қағылды.

Оралда көпір құрылысы басталады

Кейінгі жылдары құрылысы қар­қын­ды жүріп жатқан «Ақ­жайық» ша­ғын ауданы Шаған өзенінің сыртында орналасқан. Зачаган кентінде қазір 80 мыңға жуық халық тұрады. Болашақ даму жоспары бо­йынша тек «Ақжайық» шағын ауданының өзінде 70 мыңдай тұрғын қоныстанбақ. Шаған өзенінен өтетін ескі көпірде қазірдің өзінде таңертең, кешке көлік кептелісі болып, тұрғындардың әрі-бері қатынауына кедергі келіп жүрген еді. Осыған байланысты жаңа кө­пір­дің қажеттігі анық бай­қал­ған.

«Ақжайық» шағын ауданын­да бү­гін­де 3 мыңнан астам тұр­ғын бар. 450 гектар аумаққа ор­на­ласқан бұл шағын ауданның даму жоспары адам қызығарлық. Мұнда кезең-кезеңімен 76 көп­қа­батты тұрғын үй салынбақ. Әлеуметтік инфрақұрылымға кел­сек, әрқайсысы 1 500 орын­дық 3 мектеп, әрқайсысы 500 орындық 4 балабақша, бар­лы­ғы 60 әлеуметтік нысан бой көтереді. Әзірше жүзеге асқан жобалар қатарында 1 044 пәтер­лі 10 тұрғын үй мен 150 орын­дық оңалту орталығы бар. Ал қазір 416 пәтерлік екі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Инфра­құрылым бойынша 26 шақы­рымдық ішкі жолдар, 45 км тротуар мен веложолдар салынған.

Облыс орталығында бас­талған айтулы құрылыстың басына Батыс Қазақстан об­лы­сының әкімі Нариман Төреғалиев, жо­баның бас инвесторы, «BI Group» ком­па­ниясының акционері Бауыржан Исабаев, мердігер компания өкіл­дері келіп, естелік капсула ор­натты.

стро

– Біз «Ақжайық» шағын ауда­ны­ның құ­ры­лысын 2023 жылдан бастап қолға алған едік. Қазір осы ауданда болашақ 70 мың тұрғынға арналған барлық инфра­құрылым тар­тылып болды. Таби­ғи газ, электр жарығы, су мен кәріз жү­йе­сі толық іске қосылды. Тіпті көше­дегі суағар арық жүйесін де жа­са­дық. Біз бұл жерде тұрғын үйлермен қатар әлеуметтік нысандар да саламыз. Соның ішінде ең үлкен нысандар – аурухана, перинаталдық орталық пен емхана. Сондай-ақ осы жерде 12 мың адамға арналған үлкен стадион болады. Ал бүгін қадасы қағылған жаңа көпірге келетін болсақ, оның құрылысын «BI Group» компаниясы тұрғызады. Биыл да­йындық жұмыстары жүргізіледі, жобалық-сметалық құжаттар жасалады. Бұл жерде ұзындығы төрт шақы­­рым­дық төрт жолақты көпір болады. Құны 36 млрд теңгеге бағаланған көпір құрылысы 2028 жылы аяқ­талады, – дейді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Өңір басшысының айтуынша, бұл – тәуелсіздік жылдары Батыс Қазақ­стан облысында бастан-аяқ жо­ба­­ланып, салынғалы отырған тұң­ғыш көпір болмақ. Ішкі квар­талдық жолдар мен көпір өтке­лін салу құрылысы жобасына қа­рағанда жаңадан салынатын 4 жо­лақты, 4 шақырымдық жол мен көпірді салып бітіру үшін 36 ай кетпек.

 

Батыс Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Атажұрттан Анадолыға дейін

Көрме • Бүгін, 08:43

Шағатай әдебиеті

Таным • Бүгін, 08:40

Маңызды мүдделестік

Пікір • Бүгін, 08:15

Кіріс артып, инфляция төмендеді

Инфляция • Бүгін, 08:10