Таным • 21 Ақпан, 2023
Қазақ-қалмақ ғылыми ықпалдастығы
Бүгінде қалмақ халқының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу ісі екі ел ғалымдарының ықпалдастығы аясында жалғасын тауып келеді. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында өткен «Қазақстан және Қалмақ Республикасы: тарихы, мәдениеті және бірлескен ізденістер» атты ғылыми конференция зерттеу жұмыстарын жалғастыру мәселесіне арналды.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2023
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңартатын кез
«Қыс – қатал сыншы». Бейқамдықты, қамсыздықты кешірмейді. Еліміздің орталық және солтүстік облыстарындағы Екібастұз секілді бірқатар қалада болған төтенше жағдайлар соның айғағы. Енді міне, көптің көмегімен стансаның қазандықтары мен жылу жүйелері ақауларын әупіріммен әзер жөндеп бәрін де қалыпқа келтіргендей сыңайдамыз. Біз қыстың осы бір сынынан сабақ ала алдық па? Бар гәп сонда...
Халық • 21 Ақпан, 2023
Түн ұйқысын төрт бөліп, әлди айтқан анасын, я болмаса, асқар тау әкесін қарттар үйіне қалай ғана қияды деп ойлайтынбыз. Сөйтсек, тас қабырғаға ата-анасын тасжүректіктен ғана емес, амалсыздан да өткізетіндер бар екен. Бұған жақында Самар ауылындағы қарттар үйіндегі қариялардың халін сұрай барғанда көз жеткіздік.
Денсаулық • 21 Ақпан, 2023
Қатерлі дертпен күрескен қайсар балалар
Былайғы жұрт қатерлі ісіктің балаларда кейде туабітті пайда болатынынан хабарсыз. Ресми деректерде әлемде онкологиялық ауруға шалдыққан балалардың көбейіп жатқаны айтылады. Өкініштісі, ата-аналар зарыға күткен перзентінің қатерлі ісікке шалдыққанын кеш аңғаратын жайттар кездеседі. Өткен аптада онкологиялық ауруға шалдыққан балалардың халықаралық күні өтіп, елде осы күні дертпен күресіп жатқан кішкентай «қаһармандар», ата-аналар мен дәрігерлер жүздесіп, бір-біріне құрмет көрсетті.
Мектеп • 21 Ақпан, 2023
«Жайлы мектеп»: тапсырыс беруші кімнің мүддесін көздейді?
«Жайлы мектептердің» техникалық жобаларында шетелдік жеткізушілердің мүддесі басым. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасына жүгінген бизнес өкілдері осылай деп дабыл қағып отыр. Олардың пікірінше, «Самұрық-Қазына» қоры мемлекет қаржысы арқылы шетелдің экономикасына қолдау көрсетпек.