Бүгінде жер-жерде орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің 220 жылдығына байланысты мерекелік іс-шаралар легі басталып кеткені белгілі. Адамзаттың ортақ мақтанышына айналған алып тұлғаны айдай әлем әспеттеп жатса жалғанның жарығындағы жақсылықтың аты озғаны болар. Көзі ашық, көкірегі ояу қазақ қауымы да дүниені дүбірлеткен мерейтой бағдарламасынан тыс қалмаса керек. Өйткені біздің өнбойымызда дана Абай қалыптастырған өзгелердің өнегелі өрендерін дәріптей білу дәстүрі бар.
Мүмкіндігі шектеулілерге – шексіз көмек
Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі депутаттық тобының ІV сессияға (VI шақырылым) арналған жұмыс жоспарына сәйкес кеңейтілген отырыс өтті.
Әйгілі сөзді сәл өзгертіп айтар болсақ, «smart-өмір дегеніміз – бүкіл елді цифрландыру...» Жалпы, бұл бүкіл әлемнің алдында тұрған мақсат. Қазір дамыған мемлекеттердің дені цифрландырудың шегіне жетіп қалды. Дүниедегі «Индустрия 4.0» түсінігі экономика мен өндірісті ғана емес, адам өмірінің негізгі бөлігін smart-тіршілікпен тығыз байланыстыруда.
Қазақстан • 21 Ақпан, 2019
Қазақстан экспортшыларына ҚХР, БАӘ және Иран нарықтарына шығу жеңілдейді
Қазақстан экспортшыларына Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері мен Иран нарықтарына шығу жеңілдейді. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.