«Қолғабыс» – арнаулы көмек көрсетуді көздейтін жоба
Ана мен бала, оның ішінде көп балалы отбасыларды қолдауға берілетін көмек көлемін көбейтуге қатысты мәселелер өңірлерде талқыланып, аналардың мұң-мұқтажы мен талап-тілегі ескерілген жоба-жоспарлар жасалуда. Мысалы, Түркістан облысында 130 мыңнан астам көп балалы отбасы бар. Олардың ішінде 16 500 отбасына атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Биыл көп балалы отбасыларындағы жұмыссыз ата-аналарды жұмыспен қамту, жастарға еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуы үшін қажетті техникалық және кәсіби білім беру мақсатында арнаулы көмек көрсетуді көздейтін «Қолғабыс» жобалар кешені жүзеге асырылмақ.
Қостанай облысында Бірыңғай жиынтық төлем жинала бастады
Биыл қаңтардан бастап, Бірыңғай жиынтық төлем төлеу жүйесі енгізілді. Елімізде азаматтардың құқын қорғау бағытындағы іс-шаралар үздіксіз жүргізіледі. Белгілі жұмысы жоқ, күнкөрісіне қажетті қаржысын өзі табатын азаматтар басы ауырып, балтыры сыздағанда, қарттығы келгендегі зейнетақысын ойлағанда, өмірде ауыр жағдайларға жолығып қалғанда немесе жас отбасылар сәбилі болғанда, әйелдер баламен үйде отырып қалғанда не істемек керек?
Қазақстан • 21 Ақпан, 2019
2018 жылы Қазақстанда 775524 жеңіл автомобиль тіркелген
Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, 2018 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қазақстан Республикасында 775524 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 60,9% артық. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 21 Ақпан, 2019
Бизнес • 21 Ақпан, 2019
Тауар импортын 14%-ға дейін азайту жоспарлануда – Жеңіс Қасымбек
Таяу жылдары өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары үшін қолжетімді кредит беру есебінен тауар импортының үлесін 14% -ға азайту жоспарлануда. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек бейсенбі күні ведомство алқасының отырысында айтты.