Экономика • 22 Ақпан, 2021
Шағын кәсіпкерліктің несиеге сұранысы 3 есе өсті
2020 жылдың 4-тоқсанында корпоративті несиелеу сегментінде сұраныстың шамалы өсуі байқалды. Осы кезеңде шағын кәсіпкерлік субъектілерінен несие алуға өтініштер саны 3 есеге өсіп, 80 мыңға дейін жетсе, несиенің орташа мөлшері алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 2 есе, яғни 3,3 миллион теңгеге дейін азайды. Бұл туралы Ұлттық банктің қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаменті директорының орынбасары Олжас Кубенбаев банктерге несие беру мәселелері бойынша жүргізілген сауалнаманың нәтижелерімен таныстыру барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық банктың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 22 Ақпан, 2021
Жаңатаста өрттен қайтыс болған бес баланың ата-анасына пәтер берілді
Өткен жұма күні Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында пәтерден шыққан өрт салдарынан бір үйдегі бес бірдей бала көз жұмған болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қара жамылған Әбдімәліковтер отбасына көңіл айтып, тиісті көмек көрсетілетінін жеткізген еді.
Экономика • 22 Ақпан, 2021
Қазақстандық банктер бәсекелестіккке бейімделе бастады
Сарапшылар жақын болашақта қаржы нарығынында банктер іріленіп, бір-біріне жұтылып, соңында 13 банктің қалатынын айта бастады. Бұл фактор қаржы нарығы үшін қалыпты жағдай екен. Ірілендірілген банктердің ішкі нарықтағы мүмкіндігі де жоғары, деп жазады Egemen.kz
Қазақстан • 22 Ақпан, 2021
Алматы емханаларында СOVID-19-ға қарсы ревакцинация басталды
Бүгін КВИ-ға қарсы вакциналардың 1750 доза мөлшерінде екінші партиясы жеткізілді. Вакциналардың алғашқы партиясы Алматы қаласының 15 емханалық мекемесіне, яғни әрбір ауданда шамамен 2 емханадан жеткізілген болатын. Спутник V екінші компонентімен вакцинациялау бірінші компонентті қойған сол емханалық мекемелерде жүргізілетін болады. Ковидке қарсы препаратты тасымалдау үшін қажетті барлық жағдайларға сәйкес өтті.
Аймақтар • 22 Ақпан, 2021
Батыс Қазақстанда жол апатынан алты адам қаза тапты
Ақпанның 22-сі күні Атырау-Орал тасжолының 259 шақырымында, Атамекен және Алмалы ауылдарының арасында жантүршігерлік жол апаты болды.