Қазақстан • 22 Ақпан, 2021

Алматы емханаларында СOVID-19-ға қарсы ревакцинация басталды

129 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін КВИ-ға қарсы вакциналардың 1750 доза мөлшерінде екінші партиясы жеткізілді. Вакциналардың алғашқы партиясы Алматы қаласының 15 емханалық мекемесіне, яғни әрбір ауданда шамамен 2 емханадан жеткізілген болатын. Спутник V екінші компонентімен вакцинациялау бірінші компонентті қойған сол емханалық мекемелерде жүргізілетін болады. Ковидке қарсы препаратты тасымалдау үшін қажетті барлық жағдайларға сәйкес өтті.

Алматы емханаларында СOVID-19-ға қарсы ревакцинация басталды
«Вакцина 18 градустан төмен емес температурада суық тізбекті сақтау талаптарына сәйкес температуралық тіркеуші орнатылған арнайы автокөлікпен жеткізілді. Орташа температура 22-24 градусты құрады. Вакцина бірден орталықтандырылған вакцина қоймасының мұздатқышына салынды», деді Алматы қалалық Орталық клиникалық ауруханасының эпидемиологиялық қауіпсіздік және инфекциялық бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі директордың орынбасары Эльвира Ибрагимова.
 
Қала әкімдігінің мәліметінше, ревакцинация 1750 адамға есептелген, яғни бұл алғашқы вакцинаны алған тұлғалар.

Қосымша, наурыз айында екінші кезең үшін тағы 9 800 доза алынады және иммундауға тартылған емханалар желісі кеңейтіледі. Вакциналар келіп түскеннен кейін өз еріктерімен өтініш білдірген медициналық қызметкерлер екпе ала бастайды.

№36 емхананың бас дәрігері Гүлжайнат Тілеген егу алдында барлық қызметкерлер дәрігердің тексеруінен өтетінін айтты. Екпені алғаннан кейін 30 минут ішінде вакцина салдырғандар жеке бөлінген бөлмеде бақылауда болады.
«Бүгін 65 медицина қызметкері екпе алады. Вакцинаны алғандардың бәрі өздерін жақсы сезінеді, ешқандай жанама әсерлер байқалмайды. Қалған 95 адам ертең вакцинациядан өтеді», дейді дәрігер.
 
Гүлжайнат Тілеген атап өткендей, вакцина алғаннан кейін де алдын алу шараларын сақтау қажет: әлеуметтік қашықтық және бетперде тағу, ал ЖРВИ белгілері анықталған жағдайда адамдарға дәрігерлерге жүгіну қажет.
Алғашқы вакцина 1 ақпаннан 19 ақпанға дейін жүргізілді. Нұсқауларға сәйкес екінші компонент түпкілікті иммунитетті қалыптастыру үшін 21 күннен кейін енгізілуі керек.
 

 
 
 
 
 
 
 

Ұқсас жаңалықтар