Қоғам • 19 Ақпан, 2025
Идеология құндылықтармен қуатты
Тарих тұрғысынан Тәуелсіздіктің отыз жылдан астам уақыты қас-қағым сәт болса, халық үшін бұл – дағдарыс пен өзгерістің тұтастай бір дәуірі, ұлттық құндылықтарымыз – тіліміз бен діліміз, әдебиетіміз бен мәдениетімізді жаңғырту жолындағы тар жол, тайғақ кешулер. Мұны бүгінгі ұрпақ білуге тиіс, санасына сіңіріп, зерделеуі қажет. Бұл үшін не істемек керек? Болашаққа бағыт берер темірқазығымыз қайсы?
Ғылым • 19 Ақпан, 2025
Ғылым – тәуекелі жоғары инвестиция
Қазір әлемде қалыптасқан жағдай технологиялардың тиімді трансфертін өз жағдайымызға бейімдеуді қажет етіп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дарынды, білімді жастарды қолдау мемлекеттік стратегияның басым бағыттарының біріне айналып отырғанын үнемі назарда ұстап келеді.
Өнер • 19 Ақпан, 2025
Биыл 1 наурызда ТМД тарихында тұңғыш рет құрылған «Birlik» ансамбліне тура бір жыл толады. Шығармашылық ұжым әлем халықтарының мәдени мұрасын сақтау, оны ілгерілету, дәстүрлі музыка мен биді дәріптеу мақсатында Роза Бағланова атындағы «Qazaqconcert» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының жанынан құрылды.
Аймақтар • 19 Ақпан, 2025
Мұнайлы Атырау ауасы ластанып, қоршаған орта тазалығы жиі бүлінетін өңірлердің алдыңғы легінде. Өйткені мұнда тұмса табиғатқа тағылық жасау әлі жалғасып келеді. Теріс әрекет әсіресе мұнай-газ өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындар тарапынан тоқтамай тұр.
Университет • 19 Ақпан, 2025
70 пайызға дейін жеңілдік береді
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов пен мемлекеттік жинақтаушы білім беру жүйесі саласындағы оператор – «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы келісім шеңберінде университет «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтаушы жүйесінің қатысушыларына оқуға 70 пайызға дейін жеңілдік береді.