Қазақстан • 12 Ақпан, 2018
Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп айтқан еді. Біздің ел – азаттық алған, тәуелсіздікке қол жеткізген, еркін ел. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық» деп, еліміздің болашақ бағдарын белгілеп берді. Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында білімнің маңыздылығын былайша айқындап берді: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді».
Қазақстан • 12 Ақпан, 2018
Биік белес: Көпмағамбет Елемесов
Академик Көпмағамбет Елемесов өзінің жеке қасиеттерінің, жігерлі еңбегі мен күш-қайратының арқасында мол ғылыми табысқа жеткен адам. Өзінің сексен жасында да ол Қазақстанның прогрессивті ғалымдарының сапында бола отырып, инновациялық дамыған заманмен қатар алға басып келеді.
Әдебиет • 12 Ақпан, 2018
Думанды жастық дәурені артта қалып, шау тартқан шағында, есіне сол есіл күндер елесі түскен сәттегі, адам баласының бәріне тән қаяулы көңіл күйі мен күрсінісін өлеңге көшірген ақынның: «Бақытын да, бағын да тел емізген, аулақ қондың, сол дәурен, неге бізден?» – дегені біз бен сіздің де көкейімізді тескен сауал. Өткен әр күні өлеңінде өрілген ақын Ғалым Жайлыбайдың қастерлі қас-қағымнан тұратын тіршілік туралы толғанысы жүрегіңді қозғары күмәнсіз. Ал осылайша жалпы жамиғаттың жүрек сөзін жеткізген ақында арман жоқ десек жарасар.
Қазақстан • 12 Ақпан, 2018
Ел мүддесіне ерекше назар қажет
Парламент Мәжілісінің қоржынында қазір «Қазақстан Республикасының зияткерлік меншігі саласындағы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жатыр. Оны талқылау барысында бизнес құрылымдардың, ғылыми және судьялық қауымдастықтың, сонымен қатар халықаралық сарапшылардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.
Қазақстан • 12 Ақпан, 2018
Арық жүйелерінің ластануы ауыл тұрғындарын алаңдатып отыр
Осы жылдың қаңтар айында Мәжіліс депутаттарының өңірлерге іссапары аясында Алматы облысының тұрғындарымен бірқатар кездесулер өткізгенін айта келе, төмендегі мәселені көтереді: «Кездесу барысында көтерілген мәселелердің бірі Ұйғыр ауданындағы жерасты суларының көтерілуі болды.