Қазақстан • 12 Ақпан, 2018

Ел мүддесіне ерекше назар қажет

222 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Парламент Мә­жілісінің қоржынында қазір «Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­н­ың зияткерлік мен­шігі сала­сындағы заңна­масын жетіл­діру мәселелері бойын­ша кейбір заңнамалық акті­лерге өзгерістер мен то­лық­­тырулар енгізу туралы» заң жобасы жатыр. Оны тал­қылау барысында биз­нес құры­лымдардың, ғылы­ми және судьялық қауым­дас­тық­тың, сонымен қатар ха­лықаралық сарап­шы­лардың пікірлері мен ұсы­ныстары тыңдалды. 

Ел мүддесіне ерекше назар қажет

Осыған байланыс­ты біздің елімізде жаппай сұ­ранысқа ие болып жүрген им­порттық тауар­лардың баға­ларына сараптар жасалды, – дей келе, Еуразиялық экономика­лық одақ туралы шартқа қол қойылуы және ұлттық заң­наманы үйлестіруге байланыс­ты Қазақстан Республикасы аймақтық қағидаттықты ұс­тануға көшіп, «параллелді им­портқа» тыйым салды. Бі­рақ сол уақыттан бергі 3 жыл­да қандай өзгерістер болды дегенге келетін болсақ, жағдайдың мәз емес екенін көреміз. Мәселен, «Toyota Motor Corporation» компания­сы Қазақстан аумағында ди­ле­рлік орталықтар жүйесін ашты. Осы орталықтардың бағасы бәсекелестік орта бол­­мағандықтан, шарықтап тұр. «Тауарлық белгілердің» иелері бағаны ешкімнен айы­лын жимай, көтерген үс­тіне көтеруде. Осылардың баға­сы кейбір тәуелсіз импор­тер­лердің бағасымен салыс­тырғанда 2 еседен 5 есеге де­йін артық екенін көрдік.

Осындай жағдай фармацевтика саласында да орын алған. Мәселен, онко­ло­гия­лық науқастарға арнал­ған «Фазледекс» деген дәрі­нің бағасы Түркияда біздің ақшамен 62 мың теңге тұ­рады. Аймақтық қағидат бол­ғандықтан оны бізге Түр­кия­дан әкелуге болмайды. Ал біздегі жалғыз дистрибютер «СК-Фармация» тауарлық белгісі бар компаниялардан оларды 205 мың теңгеге алады, ал өздерінде сатқанда оның бағасы 300 мың теңгеге жетеді. Бұл дәрінің бағасы бес есеге жуық өсті деген сөз. Осын­­дай жағдай басқа да тауар­­ларға қатысты орын алған.

2016 жылдың 25 қаза­нын­да Еуразиялық үкі­мет­ара­­­лық кеңестің хаттамасы бо­йын­ша қатысушы елдер­ге кей­­бір тауарлар үшін ай­мақ­­тық қағидаттан шы­ғуға рұқсат бе­рілді. Ол үшін қа­тысу­шы ел керек тауардың Одақ ау­ма­ғының ішкі рыногын­да жоқ екен­дігін немесе аз екендігін дәлелдеуі керек. Алайда Қазақстан әлі күн­ге мұндай амалға барып көр­ген жоқ.

Еліміздің ұлттық және экономикалық мүддесін аяқ­қа басатын осындай тәртіп бізге керек пе? Осы мәсе­лелерді айтып мен Ұлт­тық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің атына депу­тат­тық сауал жолдадым. Оны әріптесім Владимир Божко да қолдады. Біз министр­ден осы мәселе бойынша Қазақ­станның Еуразия­лық эко­номикалық одақтағы ұстанымын анықтауды өті­ніп, еліміздің аумағында шы­найы бәсекелестіктің дамуына жағ­дай туғызуды сұрадық, деп мәселе көтереді.

Гүлнәр Бижанова,

Мәжіліс депутаты