Қазақстан • 12 Ақпан, 2018
Бизнеске бейімделудің тиімділігі төмен болып тұр
1 трлн теңге. 2017 жылы Атырау облысындағы шағын және орта бизнес субъектілері шығарған өнім көлемі осы сомадан асты. Бұл – 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 53,4 пайызға артық. Мұнайлы аймақта жыл санап бизнеске бет бұрғандар қатары өсіп келеді. Қазір өңірде 42 897 кәсіпкерлік субъектісі бар.
Қазақстан • 12 Ақпан, 2018
Басты міндет – медициналық қызметтің сапасын арттыру
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы дәстүрлі Жолдауында әдеттегідей медицина саласының алдында тұрған негізгі міндеттерді де атап өтті. Құжатта айтылғандай, ел медицинасы саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейтуі керек. Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға басты көңіл бөлуі керектігіне де Мемлекет басшысы ерекше екпін түсірді.
Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы жаңа заман талабына сай әрекеттерді айқындайды. Жолдаудағы 10 міндетте елімізді озық мемлекеттер қатарына қосудың жолдары нақты көрсетіліп отыр.
Қазақстан • 12 Ақпан, 2018
Құқықтық үстемділік артып келеді
Биылғы жылғы Елбасының Жолдауы осыдан бұрын бастама жасалып, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен іс-шараларды толықтыра түсті. Жария етілген Жолдауда Елбасы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың кепілдерін күшейту қажеттігін тағы да баса айтты. Бұл ұстаным Негізгі Заңның 1-бабына сай келеді, өйткені онда Қазақстан өзін адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазынасы болып табылатын демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде орнықтыратындығы бекітілген.
Технология • 12 Ақпан, 2018
Ғарышты игерудің жаңа дәуірі басталды
«Тесла» компаниясының негізін салушы америкалық миллиардер Илон Маскқа тиесілі SpaceX корпорациясы Falcon Heavy деп аталатын ауыр ракетаны сынақтан өткізіп, оның үдемелі блоктарын сәтті қондырды.