Қазақстан • 12 Ақпан, 2018

Құқықтық үстемділік артып келеді

839 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Биылғы жылғы Елбасының Жолдауы осыдан бұрын бас­тама жасалып, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен іс-шараларды толықтыра түсті. Жария етілген Жолдауда Елбасы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың кепілдерін күшейту қажеттігін тағы да баса айтты. Бұл ұстаным Негізгі Заңның 1-бабына сай келеді, өйткені онда Қазақстан өзін адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазынасы болып табылатын демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде орнықтыратындығы бекітілген.   

Құқықтық үстемділік артып келеді

Өткен жылдың басында осы бағытта Мемлекет басшысының ұсы­нысымен Ата Заңға маңыз­ды өзгерістер енгізілген бола­тын. Президент адамның және аза­­мат­тың құқықтары мен бос­­тан­­дық­тарын қорғау мүд­де­сін­де күшіне енген заңды немесе өзге де құқықтық актіні Конс­титу­ция­ға сәйкестігіне сай қарау туралы Конституциялық Кеңеске өті­ніш жолдау құқығына ие болды. Сонымен қатар 2017 жылы Конс­титуциялық Кеңеске сот­тар­дың жүгіну тәртібі жеңіл­деті­ліп, өті­ніш­терге сот төрағалары қол қою туралы талап алынып тастал­ды. Ондағы мақсат – бұл мүмкіншілікті әрбір судьяға беру, өйткені құқықтық актінің осал тұстары тәжірибеде оны қол­дану барысында анық байқалады және егер олар адам құқықтары­на нұқсан келтіретін болса, соттар Конституциялық Кеңес­тің алдында сол актіні консти­ту­циялық емес деп тану ту­ралы мәселені көтеруге міндетті.

Соңғы бір ай ішінде Мемлекет басшысы адам құқықтары саласында бірқатар заңнамалық актілерге қол қойды. Олардың тұжырымдамасын анықтау­да Конституциялық Кеңестің де үлесі бар. Айталық, жақында Қыл­мыстық процестік кодекс­ке өзгерістер енгізіліп, соттың санк­циясынсыз ұстау мерзімі 72 сағат­тан 48 сағатқа (кәмелетке тол­­ма­ғандар үшін 24 сағатқа) дейін қысқартылды. Бұл оң шешім­нің мүмкін екендігін Конс­ти­туциялық Кеңес 2012 жылы өзінің нормативтік қаулысында білдірген болатын. Бірнеше жыл бұрын конституциялық бақылау органы көтерген қылмыстық процесте жәбірленушілерге зиян­ды өтеу жөніндегі ұсыныс тиісті қор туралы заңның қабыл­дануына себепші болды. Осын­дай мысалдар көп. Бұ­дан әрі де Конституциялық Кеңес құ­қық қорғау жүйесіндегі рефор­ма­ларға атсалысады. Ол туралы биыл­ғы 10 қаңтарда өткен Кеңес­тің Жол­дауды талқылауға арнал­ған арнайы жиналысында айтылып, нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар Елбасы заң­ның үстемдігі және жемқор­лық­пен күрес мәселелеріне ерек­ше назар аударды. Бұл сала­лар үне­мі ауқымды іс-шара­лар­­ды талап етеді. Осы орайда, ұлт­­тық жетістіктермен қатар, озық ха­лықаралық тәжіри­беге сү­йен­­ген жөн. Былтырғы жылы қыр­күйек айында құқ­ық үс­тем­дігі мәселелері Вильнюс қа­ла­сын­да өткен Консти­туция­лық сот төре­­лігінің бүкіләлемдік кон­­фе­ре­н­циясының 4-ші Кон­гре­сінде жан-жақты талқы­лан­ды. Жүз­ден астам мемлекет және бе­дел­ді халықаралық ұйым­дар қатысқан бұл отырыста әлем­дік құқықтық кеңістікте құқық үс­тем­­дігі принципі демо­кра­тия­лық даму жолына түскен елдер­дің сая­си-құқықтық жүйесі дамуы­ның стратегиялық бағыт­тарын айқындайтын консти­туция­лық құндылық екені тағы да тілге тиек етілді. Бұл сая­сат­­ты іске асыруда Еуропа Ке­ңесі Құқық арқылы демокра­тия үшін комиссиясы­ның (Ве­не­­­ция­­лық комиссияның) 2011 ж­ы­лы мақұлданған құқық үс­тем­­­­дігі туралы арнайы баян­да­­ма­­сының рөлі ерекше. Онда бұл жалпы мойындалған прин­цип­­тің алты құрамдас бөлігі көр­­­­се­тілген: заңдылық, соның ішін­­­де ашық есеп беретін және демо­­кратиялық заңнама қабыл­дау процесі; құқықтық анықтық (айқындылық); рақымсыздыққа, озбырлыққа тыйым салу; тәуел­сіз және әділ сот төрелігіне қол жет­­кізу; адам құқықтарын сақ­тау; кемсітуге жол бермеу және бар­­­шаның заң алдындағы теңдігі.

Бақыт НҰРМҰХАНОВ,

Конституциялық Кеңестің аппарат басшысы