Оқиға • 26 Шілде, 2024

Қостанай облысында әйел адамды өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

101 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында айуандықпен әйелді өлтіріп кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz TobolInfo-ға сілтеме жасап.

Қостанай облысында әйел адамды өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

фото: ratel.kz

Марқұмның мәйіті 20 шілде күні Әулиекөл ауданы Құсмұрын ауылында жеке үйлердің бірінде табылды. Күйеуі жақын жерде болған.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлеріне ол 40 минут бұрын әйелінің айқайлағанын естігенін, сыртқа шыққанын, оны осы күйде тапқанын айтты. Ер адамның өзі де шабуыл кезінде жараланып қалған.

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі әйелді өлтірді деген күдіктінің ұсталғанын хабарлады. 29 жастағы ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, күдікті марқұм әйелдің күйеуі емес.