Бұған дейін босниялықтар іріктеу кезеңінің матчтарында Италияны пенальти сериясында сенсациялық түрде жеңіп, әлем чемпионатына жолдама алған.
Башич негізгі құрамда алаңға шығып жүр және мамандардың пікірінше, әлем чемпионатында да негізгі ойыншылардың бірі болуы мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан чемпионатында ойнаған ешбір футболшы әлем чемпионатына қатыспаған.
24 жастағы футболшы 2025 жылы ресейлік Оренбург клубынан Астана командасына ауысқан. Биыл ол 9 матч өткізіп, 1 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым – 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді. Босния және Герцеговина құрамасы Канада, Катар және Швейцариямен бір топқа түскен.
Нұрболат АМАНБЕК