Қоғам • 19 Ақпан, 2024
20 ақпанда Астанада мектеп оқушылары қалай оқитыны белгілі болды
Ауа райы нашарлағандықтан ертең бас шаһардың бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары онлайн оқиды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 19 Ақпан, 2024
Алыс ауылдардағы, қаладағы мұқтаждарға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға дәрі-дәрмекті енді дрон тасымақ. Оның ерекшелігі жедел жеткізетінінде болып тұр. Мұндай жағдайға ғылымның жаңалығы, отандық ғалымдарымыздың жетістігі жеткізбек.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2024
Еліміздің цифрлық саладағы жұмысы жыл сайын жақсарып келеді. 2022 жылы IMD цифрлық бәсекеге қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде еліміз 64 мемлекеттің арасында 36-орынды иеленсе, былтыр екі сатыға көтеріліп 34-орынға шықты.
Спорт • 19 Ақпан, 2024
Әбибаның Әзербайжандағы қоласы
Дзюдодан Әзербайжанның астанасы Бакуде өтіп жатқан Grand Slam турнирінің алғашқы күні ерлер екі және әйелдер үш салмақ дәрежесінің жүлделерін сарапқа салды. Еліміздің жеті балуаны татамиге шықты. Солардың үшеуі ширек финалға дейін жеткенімен, тек біреуінің ғана жеңіс тұғырына көтерілуге күш-жігері жетті. Ол – сол баяғы қазақтың әйелдер дзюдосын өрге сүйреп жүрген қаршығадай қызымыз Әбиба Әбужақынова.
Тағайындау • 19 Ақпан, 2024
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Қазақстан Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Қызылорда облысы әкімінің өкімімен Ардақ Темірханұлы Зебешев облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz аталған әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.