Мәселе • 27 Ақпан, 2025
Адам саудасының құрбандары қолдауға зәру
Былтыр елде адам саудасының құрбаны болған 247 адам арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған, оның ішінде 114 адам – шетел азаматы. Олардың 32-сі жұмысқа орналасқан, оның 4-еуі шетел азаматы.
Әлем • 27 Ақпан, 2025
Украинаны қалпына келтіруге 500 млрд еуро қажет
Украина президенті Владимир Зеленскийдің басы соғыспен ғана емес, АҚШ билігі ұсынған келісіммен де қата бастады. Әрине, Трамп ұсынған «әріптестік» әлдінің әлсізге көрсеткен айбатындай болып шықты. Бұған таңданған әлем демін ішіне тартып, әліптің артын бағып отыр. Бейбіт бітім туралы келіссөздердің келесі раундына кімдердің қатысатыны да маңызды. Ал сарапшылар ендігі кездесу Украинасыз өтсе, жағдай тіпті ушығуы мүмкін дегенді алға тартып отыр.
Қазақстан • 27 Ақпан, 2025
Жаһандық аренада ел беделін көтерген қадамдар
Халықаралық қарым-қатынастар жүйесінің трансформациясы тұсында «орта державалардың» әлемдік саясаттағы салмағы артып келеді. Бұл мәртебеде еліміз берік орнықты деуге болады. Әсіресе Еуразиялық кеңістікте қауіпсіздікті, жүйелі даму мен өркендеуді қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып отыр.
Пайдалы қазбалар • 27 Ақпан, 2025
Қойнаудағы байлықты қоғам қадағалайды
Елімізде жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (minerals.e-qazyna.kz) іске қосылды. Онда өтінім беруден аукционға дейін және лицензия беру үдерісі автоматтандырылған. Бұдан былай жеріміздегі қазынаны игерсем дейтін инвестор порталға тікелей кіріп, қалаған сайтты таңдап, аукционға қатысуға өтінім бере алады.
Қаржы • 27 Ақпан, 2025
Кәсіпкер қай қаржы ұйымын таңдайды?
2024 жылы заңды тұлғалардың банктердегі салымдарының портфелі 17,9 трлн теңгеге жетіп, 22,1%-ға артты. Бизнес салымдарының 89%-ы үздік 10 банкте жинақталған: 15,9 трлн теңге. Жылдық өсім — 22,8%. Демек кәсіпкерлер өз қаражатын сенімді, сыннан өткен қаржы институттарында сақтауды жөн көреді деген сөз.