Спорт • 21 Ақпан, 2020
ММА: Түркістандағы тартыс жеңіл салмақтағы мықтыны анықтайды
Ертең Түркістан қаласында «Гран-при Алаш Прайд – 2020» турнирі өтеді. Бұл жарыста 61,2 кило салмақ дәрежесі бойынша Орталық Азияның ең үздік жекпе-жек шебері анықталады.
Парламент • 21 Ақпан, 2020
Денсаулық сақтау кодексі жобасындағы мәселелер оң шешімін тапты
Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысын өткізді. Депутаттар халық денсаулығы туралы кодекспен жұмыс істеу барысында азаматтық қоғамның пікірлерін ескерді. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 21 Ақпан, 2020
Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық EcoJer өңірлік экологиялық бастамалар қауымдастығы кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанованы, Kaspi.kz компаниясының негізін қалаушылар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзені қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 21 Ақпан, 2020
Президент Әбдісағит Тәтіғұловтың отбасына көңіл айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі архитектор, академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдісағит Тәтіғұловтың дүние салуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 21 Ақпан, 2020
Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес салық саясаты мәселелерін қарады
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалымен өткен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес (ИАЖК) отырысында салық саясаты мәселелері және оның Қазақстандағы инвестициялық ахуалға ықпалы қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.