Көне шаһарда өтетін жарыста сегіз спортшы күш сынасады. Атап айтсақ, қазақстандық Мұқағали Несіпбай қырғызстандық Бостон Анарбековпен және Әлішер Ғабдуллин тәжікстандық Мехрдод Умаровпен айқасады. Сонымен қатар, бұл бәсекеде Нұрәлі Мажидов пен Мұратжан Қадыров (Өзбекстан), Әлимардан Әбдіқаров (Қырғызстан) және Саидшох Рузиметов (Тәжікстан) бақ сынайды.
Негізі жарыстан бөлек, Түркістанда тағы бірнеше қазақстандық және шетелдік спортшылардың қатысуымен рейтингтік жекпе-жектер ұйымдастырылады.