Президент • 21 Ақпан, 2020

Президент Әбдісағит Тәтіғұловтың отбасына көңіл айтты

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі архитектор, академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдісағит Тәтіғұловтың дүние салуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Әбдісағит Тәтіғұловтың отбасына көңіл айтты

«Әбдісағит Шаймұханбетұлы Қазақстанда құрылыс саласын дамытуға үлкен үлес қосқан қайраткер. Ұзақ жылдар бойы «KAZGOR» жобалау академиясын басқарып, елімізде еңселі ғимараттар мен салтанатты сарайлардың бой көтеруіне сіңірген еңбегі өте мол. Ол ұлттық сәулет мектебін қалыптастырып, шәкірт тәрбиелеудің озық үлгісін көрсетті. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына өшпес із қалдырған Әбдісағит Тәтіғұловтың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады», делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше