Қаржы • 20 Ақпан, 2023
20 ақпанға арналған валюта бағамы
Ұлттық банк 20 ақпанға арналған валюта бағамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 20 Ақпан, 2023
Шетел асқан қаржы: иесі мен жүйесі
Былтыр маусым айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елден заңсыз шығарылған қаражатты Қазақстанға қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды. Осы сәттен бастап Бас прокуратура капиталды жымқыру және шетелге шығару фактілерін анықтау үшін банк секторына талдау жүргізіп жатыр. Жақында қадағалаушы орган «Jusan» банкіне қатысты мәлімдеме жасады.
Сайлау • 20 Ақпан, 2023
Еліміз жаңа саяси бетбұрыстың алдында тұр. 19 наурыз күні өтетін Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы – осы бағыттағы үлкен қадам болмақ. Саяси додаға түсуге бел буған жеті партия құрылтайларын өткізді. Кандидаттар ресми тіркелді. Нағыз саяси тартыс енді қыза түспек. Үгіт-насихат кезеңі басталысымен, үміткерлер жұрттың алдына шығып, сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып жатыр. Іске сәт!
Саясат • 20 Ақпан, 2023
Үлкен мүдде: шағын мемлекеттермен байланыстырады
Тәуелсіздік алғаннан бастап Қазақстан көптеген елмен дипломатиялық байланыс орнатып, қарым-қатынасын айқындап алды. Мұндай елдердің ішінде алпауыт державалармен бірге шағын мемлекеттер де бар. Елімізді Орталық Америкадағы Белиз мемлекеті және Гималайда орналасқан Бутан патшалығымен не байланыстырады?
Инфографика • 20 Ақпан, 2023
Қазақстан автопаркі қартайып тұр
2022 жылдың қорытындысы бойынша әлемдік автонарық көрсеткіші 2021 жылдың көрсеткішіне жақындай алмады. Былтыр бүкіл әлемде диллерлер 81 млн жаңа автокөлік сатқан, бұл 2021 жылдың көрсеткішінен 0,6 пайызға төмен. Қазір әлемдік автомобиль нарығының лидері атанып тұрған Қытайдың да бұл бағыттағы көрсеткіші мәз емес.