Қазақстан • 12 Ақпан, 2018
Дәрігерлер мен мұғалімдердің қағазбастылығы қанша айтылса да, әлі де бұл мәселе біржақты шешілген емес. Кезінде Елбасының өзі дәрігер қағаз толтырып отырмай, адам емдеуі керектігін қадап айтқан-ды. Биылғы Жолдауда да «қағаз қолданбайтын ауруханаға» көшу арқылы медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру міндеті жүктелді. Қазіргі медицинада енгізіліп жатқан цифрландыру жүйесі де осы мақсатты көздейді. Алайда жұртшылықтың көкейінде күмән басым...
Қазақстан • 12 Ақпан, 2018
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауы еліміздегі барлық негізгі салаға жаңа, қарқынды серпін беретіні тұрақты үдеріске айналды. Ұлттық руханиятқа жанашыр қауымның Жолдаудан ең басты күтетіні – Президенттің қазақ тілі туралы пікірлері. Бұл Жолдауда Президент жалпы тіл тақырыбын адами капитал ауқымында ұсынып, оны жаңғырудың негізімен байланыстырды. Себебі Қазақстан сияқты жас мемлекеттің жасампаздық міндеттері жаһандану дәуірінде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартумен бірге, оның рухани болмысын да жаңғыртуға бастайды.
Орыс көркем ойына тереңдеп дендеу ешкімге оңай соғып көрген емес. Қоңсылас қонған көп жұрттар арасынан жан жүрегімен жақындап, ұлттық тілегін оған жалғастыра білген халық дүниеде екеу болса, соның бірі қазақ. «Татьянаның қырдағы әні» арқылы сезім дүниесінің өзгеше құбылысымен әуелі Жидебайда табысып ап, сонан күллі даланы шарлай жөнелуінің өзі тегін емес. Сахараның ұлан-асыр төсіндегі көшпенді ел көкейіне нық орнығу үрдісінің кәміл дұрыстығын өмір әлдеқашан дәлелдеді.
Медицина • 12 Ақпан, 2018
Неке жауапкершілікті қажет етеді
Соңғы жылдары, еліміздің жас азаматтары шариғат пен заң талаптарын бұрмалап, түрлі себептермен (діни сауатсыздық, тәлім-тәрбиенің жеткіліксіздігі, қызбалық, ұшқалақтық, аңғалдық және т.б.) жат ағымдардың айла торына түсіп, ақ отау негізін құрайтын неке мәселесіне немқұрайлық танытуда. Данагөй бабаларымыздың «Отан отбасынан басталады» деген сөзінің мән-мағынасына зер салмай, некелерін шариғатқа не заңға сай келмейтін жолмен қиып, үлкен кінәлі іске баруда.
Ақыл-ой иелерінен көз жазып қалмайық
Мына дүниені құлпыртатын да, құбылтатын да, жаңартатын да, жасартатын да, барыңды жетілдіретін де, орындасам деген мақсатыңа жеткізетін де – бір ғасыр бұрын ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлы айтып кеткен білім жарысы. Сол жарыста, яғни ақыл-ойдың самғауында қанатыңды талдырмайтын, ауырыңды жеңілдететін – білім мен ғылым. Осы ақиқат жолында ел білімін қайтсек жақсартамыз, ғылымын қалай өрістетеміз деген ұлы ұғымды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Ақыл табылмай, ештеңе табылмайды. Ой жетілмей тұрып, ар-намыс шыңдалмайды. Ар-намыссыз азамат, өзгелердің көсегесі түгілі, өзінің көсегесін көгерте алмайды. Онсыз ұлттық сана мен ұлттық намыс та тұл», деп азаттық алғаннан бері айтып келеді.