Қазақстан • 20 Ақпан, 2019
Батыс Қазақстан облысында биыл қар көп. Әдеттегіден әлдеқайда қалың түскен қарды коммуналдық қызмет мекемелері қаладан далаға тасып үлгермей, әлек болып жатыр. Көктемде күрт ерісе, тұрғын үйлер суға кетіп, ел-жұрт әбігер бола ма деген қауіп те мазаны алып тұр.
Қазақстан • 20 Ақпан, 2019
Мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндік мол
Ұлттық банк жариялаған 2018 жылдың экономикалық есебіне жүгінсек, ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі былтыр 2017 жылғы көрсеткіштен 3,4 пайызға өсіпті. Әсіресе мал шаруашылығындағы өсім қарқыны айтарлықтай жоғары – 3,9 пайыз. Бұл үрдіс алдағы уақытта жалғасын табатын түрі бар. Себебі оған Үкіметтің өзі мүдделі екенін танытып, түрлі несиелеу ұйымдары арқылы қаржыдан қағажу көрмеуіне жағдай жасап отыр. Қаңтар айының соңында Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысқан Елбасы аграрлық секторға айрықша тоқталғаны да есімізде.
Қазақстан • 20 Ақпан, 2019
Үш ауысымды мектеп: Бұл – қала іргесіндегі ауылдардың басты түйткілі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемалары мейлінше сезіліп отырған өңірлер үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсырамын» деп атап көрсетілген болатын.
Қазақстан • 19 Ақпан, 2019
Салық төлеушілердің 20 миллион теңге өсімпұлы кешірілді
Салық рақымшылығының нәтижесінде 968 салық төлеушінің 20,4 млн. теңге сомасында өсімпұлы есептен шығарылды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Парламент • 19 Ақпан, 2019
Сенаторлар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады
Сенатта Қаржы және бюджет комитеті еліміздегі мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту мәселелері бойынша мемлекеттік және жергілікті мүдделі атқарушы органдармен өткізетін кездесу өтті.