Қазақстан • 21 Ақпан, 2020
Кеше Түркістан облысы Бадам елді мекеніндегі 10216 әскери бөлімде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз қоймадан қару-жарақ ұрлап, белгісіз жаққа қашып кеткені туралы ақпарат тараған еді. Қорғаныс министрлігі ақпаратты растады.
Саясат • 21 Ақпан, 2020
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қатысуымен коронавирустық инфекция бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Жиын барысында ол коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары күшейтілгенін атап өтті.
Экономика • 21 Ақпан, 2020
Жапонияның ақша бірлігі иен – әлемдегі негізгі резервтік валютаның бірі. Жапон ақшасын бейнелейтін «эн» иереоглифі «дөңгелек» деген мағынаны білдіреді. Бұл елдің тарихында иенге дейін де бірнеше валюта болған. Ерте заманда алтын және күміс ақшаны пайдаланған. Ежелгі дәуірде Күншығыс елі вадоукайхоу деген ақшаны қолданған. Қазіргі жапон аралдарынан вадоукайхоуға дейін пайдаланылған мумонгинсэн, фухонсэн деген ақша түрлері де табылды.
Аймақтар • 21 Ақпан, 2020
Негізсіз тексеру – кәсіпке кедергі
Соңғы уақытта Шымкент қаласында жер теліміне байланысты дау-шарлар көбейіп келеді. Мұның себебін әркім әрқалай айтып жүр. Бірі қалаға қосылған елді мекендердің «ескі жыры» десе, енді бірі кезінде шаһардағы ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді тұрғын үй салу бағыты бойынша заңсыз заңдастырудан шыққан дейді.
Кәсіпқой бокс • 21 Ақпан, 2020
Наурыз айының алғашқы аптасында Иорданияның бас шаһары – Амманда бокстан Токио Олимпиадасына жолдама беретін Азия және Тынық Мұхит аймағы елдерінің іріктеу турнирі өтеді. Осыдан бірер күн бұрын бокстан ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Ғалымбек Кенжебаев Олимпиада жолдамасына таласатын спортшылардың есімін атады. Бір қызығы, бас бапкердің тізіміне әлем және Азия чемпионатында топ жарған тәжірибелі боксшылар енбей қалған.