Аймақтар • 20 Ақпан, 2021
Дауыл салдарынан Тараз қаласындағы бірқатар нысанға зақым келген
Жамбыл облысында ұйтқып соққан дауылды желдің салдарынан бірқатар нысандарға зақым келді. Тараз қаласы бойынша Абай, Жамбыл даңғылдары мен Қазыбек би, Қ.Сәтбаев, Көшеней көшелеріндегі және 15-ықшамаудандағы 10 көпқабатты тұрғын үйдің 1405 шаршы метр шатыры зақымдалған. Қалалық әкімдіктің мәліметінше, шатырларды қалпына келтіру жұмыстары мердігерлер тарапынан жедел іске асырылатын болады. Сондай-ақ, 15-ықшамауданы №14 үйдің 20 шаршы метр балконы және 3 метр газ құбырына залал келген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 20 Ақпан, 2021
Қазақстанда француз технологиясы бойынша ешкі ірімшігі өндірісі ашылады
Қазақстан Франциядағы елшіcі Жан Ғалиев «D. A. E.» компаниясының басшысы Давид Аммёмен кездесті. Келіссөздер барысында француз кәсіпкері жергілікті шикізат пен жұмыс күшін пайдалана отырып, Алматы облысында ешкі сүтінен ірімшік өндірісін ашу туралы жоспарларымен бөлісті.
Аймақтар • 20 Ақпан, 2021
Атырауда мұз үстінде мас күйде жүрген 7 адам ұсталды
Атырау қаласында Жайық өзеніне қатқан мұз үстінде мас күйде жүрген 7 адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 20 Ақпан, 2021
«Fitch Ratings» рейтинг агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады
Агенттіктің пікірінше, Қазақстанның тұрақты рейтингі ел экономикасының тұрақтылығының жоғары деңгейін көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Коронавирус • 20 Ақпан, 2021
Коронавирус жұқтырған 249 адамның жағдайы нашар
Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бүгінгі эпидемиялық ахуал жайында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.